Новости:
31 қазан 2025 жыл
2025 жылғы 31 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшылық құрамы және қызметкерлері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыровтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізген «Когнитивтік лингвистикадағы теңеу концептісі: ұлттық дүниетаным және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.
Конференция жұмысы когнитивтік лингвистика және тіл үйретудің заманауи парадигмалары; мәдениетаралық коммуникация және лингвомәдениеттану контекстіндегі заманауи мәселелер; корпустық лингвистика және тілдерді оқыту мәселелері; жасанды интеллект және қазақ тіл білімінің жаңа даму бағыттары және жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылықтар сынды негізгі тақырыптық бағыттар бойынша жүргізілді.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры, заң ғылымдарының магистрі Жұматаева Баян Амантайқызы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ұжымына осындай айтулы мерекеге өзінің жылы лебіздерін жеткізіп, «Профессор Т.Қоңыровтың 90 жылдығына» атты баяндама жасады. Архив қызметкері Эркеайым Алиаскарова «Тұрағұл Қоңыровтың ғылыми мұрасы: Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қорының деректері негізінде» баяндамасын жасады және конференция қатысушылардың назарына ОМҒТҚА-да Тұрағұл Қоңыровтың жеке тектік қорындағы ғалымның отбасына, өміріне, шығармашылығына қатысты бірегей құжаттар негізінде дайындалған көрме ұсынды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!


30 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық архивінің бас есепшісі Болысбекова Раушан Камалбекқызы Астана қаласында «Bolashaq» халықаралық академиясы ұйымдастырған «2026 жылға арналған заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу. Бірыңғай кадрлық жүйе (БҚЖ). HR.Enbek.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикум» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертификатын иеленді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz