Новости:
06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Конференция 2020-2025 жылдарға арналған «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың қорытынды кезеңіне арналды. Бұл отандық архив саласы үшін маңызды жобаны іске асыру нәтижесінде шетелдік және отандық архивтерден Қазақстан тарихына қатысты мыңдаған құнды құжаттар жинақталып, ғылыми айналымға енгізілді. Сонымен қатар, архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылып, цифрлық жүйелер енгізілді.
Конференция жұмысына республикалық және облыстық архивтердің басшылары, архив саласының мамандары, тарихшы-ғалымдар, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Баян Амантайқызы конференция қатысушыларына ОМҒТҚА қызметі мен «Архив-2025» бағдарламасын іске асыру нәтижелерін көрсету мақсатында дайындалған бейнероликті ұсынды.
Аталған конференция архивтерді цифрландыру, тарихи жадты сақтау және құжаттық мұраны болашақ ұрпаққа беру жөніндегі жүйелі жұмыстың жарқын дәлелі болды.
Ұйымдастырушылар «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелеріне алғыс білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
14 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


07 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.


29 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.


28 маусым 2026 жыл
28 маусым – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz