Новости:
10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.
Дирекцияның жоспарлы жұмысына сәйкес Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің басшысы Кальбинур Насырова архив қызметкерлері үшін архивтің 153 қоры «Қазақ материалдық мәдениет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС құжаттарының ғылыми-техникалық өңдеу нәтижелері бойынша жұмыс барысымен бөлісті.
Институт қызметінің бағыттарының бірі мәдениет ескерткіштерін ғылыми тіркеу және оларды сәндік безендіру, сәулет және археологиялық өлшеулер, сурет салу, суретке түсіру, кескіндеме туындыларынан көшірме түсіру, зерттеу жүргізу, ескерткіштер бойынша ғылыми анықтамалар мен паспорттар жасау, жазуларды, ою-өрнектерді және өзге де сәндік-әрлеу бөлшектері мен элементтерін эстамптарын жасау болып табылады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


04 маусым 2026 жыл
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы осы күні еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz