Новости:
19 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 19 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында «Turkistan» газетіндегі сұхбатында цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға баса назар аударып, елдің мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы жетістіктерін атап өтті.
Дирекцияның кезекті отырысында Ақпараттық технологиялар және цифрлау бөлімінің қызметкері Омарбеков Абайбол қазіргі таңдағы құжаттарды сандық форматқа ауыстыру бойынша жұмыс барысы және цифрландыру үрдісінің қазіргі жағдайы бойынша ақпаратпен бөлісті. Архив құжаттары кезең-кезеңімен цифрландырылып, сандық форматқа жүйелі түрде көшіріліп жатқанын айтып өтті. Өйткені архивтегі қағаз түріндегі құжаттарды сандық форматқа көшіру оларды пайдаланудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, ғылыми айналымға енгізеді. Бұл қызмет түрі жалпы архив жұмысын заманауи түрде ілгерілетудегі маңызды бағыты деуге әбден болады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!


30 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық архивінің бас есепшісі Болысбекова Раушан Камалбекқызы Астана қаласында «Bolashaq» халықаралық академиясы ұйымдастырған «2026 жылға арналған заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу. Бірыңғай кадрлық жүйе (БҚЖ). HR.Enbek.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикум» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертификатын иеленді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz