Новости:
21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.
«Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз. Бұл шешім бүкіл мемлекеттік аппаратқа нақты міндет жүктеп отыр». Бұл сөздерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында қоғамдық сананы өзгерту және мемлекет жүргізіп отырған қайта құрулардың тиімділігі үшін цифрландыру процесінің маңыздылығын атап өтті.
Бұл өз кезегінде Президент өткен жылы Құрылтай отырысында жариялаған ғылыми зерттеулерді, архив материалдарын, музей қорларын жүйелеу қажеттілігі мәселесінің жалғасы болып табылады.
Жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты баға жетпес ұлттық құжаттық мұраны сақтау және оны болашақ ұрпаққа беру болып табылады. Архившілер Мемлекет басшысының құжаттарды цифрландыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту туралы сөздерін зор жігерлікпен қабылдайды, себебі мемлекеттерге өз тарихын электрондық форматқа көшіру және оларды әлемдік цифрлық өркениетке енгізу қажет.
Сондай-ақ, тарихи мұрамызды сақтау ісінде перспективалық көкжиектерді ашатын «Ұлттық цифрлық мұра» ұлттық жады мен білім репозиторийін құру идеясы айтылды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!


30 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық архивінің бас есепшісі Болысбекова Раушан Камалбекқызы Астана қаласында «Bolashaq» халықаралық академиясы ұйымдастырған «2026 жылға арналған заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу. Бірыңғай кадрлық жүйе (БҚЖ). HR.Enbek.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикум» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертификатын иеленді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz