|
|
|
Новости: |
|
02 ақпан 2026 жыл
|
2026 жылғы 2 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және талқылауға бағытталған «Ата Заңның негізгі қағидаттары – жарқын болашақ кепілі» дөңгелек үстелі өтті. Шараға зерттеушілер, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік архивтер қызметкерлері, жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Архив қызметкерлері мен дөңгелек үстел қатысушылары мемлекеттің алдағы уақытта орнықты дамуы мен қоғамды ұйыстырудағы бұл құжаттың тарихи маңызын атап өтті. ОМҒТҚА директоры Б.Жұматаева жиынды аша отырып, жаңа Конституция мәтіні азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстарын жан-жақты талдау, ашық жария талқылаулар және жаңа нормалар мен ережелерді егжей-тегжейлі пысықтау нәтижесінде әзірленгенін және Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалар бағытының заңды жалғасы екенін атап өтті.
Жаңа Конституцияның жобасы ел дамуының қазіргі кезеңіне сай келетін, әділетті, жауапты және орнықты мемлекет құруға бағытталды. Құжатта ұлттық бірегейлік, мемлекеттік тұрақтылық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік айқын көрініс тапты деп нық сеніммен айтуға болады.
Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді. Конституцияда 77 бапқа түзетулер енгізілді, бұл Конституция мәтінінің 84 % құрайды.
Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды.
Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген.
Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді.
Цифрландыру тақырыбы республика архившілеріне өте маңызды болып табылады. Өйткені архивтер бұл ұлттық жадымыздың алтын қоймасы іспеттес. Онда мемлекетіміздің тарихи жолы, қалыптасу кезеңі, келешек ұрпаққа аманат болатын баға жетпес құжаттық мұралар жинақталған. Және осы асыл қазынаны сақтап қалу – біздің басты міндетіміз. Сол мақсатта бүгінгі таңда барлық архивтер құжаттық мұраны цифрландыруды жүйелі түрде іске асыруда. Цифрландыру мәселесіне Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында да баса назар аударып, Ұлттық цифрлық архив құру арқылы оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру қажеттігін атап өткен болатын.
Этносаралық және конфессияаралық келісім қоғамдық бейбітшілік пен орнықты дамудың негізі ретінде айрықша атап өтілген.
Жаңа жобада Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын айқындау заң деңгейінен конституциялық заң деңгейіне көтерілді. Бұл елдің аумақтық дамуы мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған арнайы құқықтық режимдерді енгізу кезінде құқықтық айқындық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.
«Республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» болып өзгертілді. Бұл референдумның басты мәні – халықтың біртұтас еркін білдіру екендігін айқындайды.
Шетелдік діни бірлестіктерге қатысты артық норма Конституциядан алып тасталды. Сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдардың шетелдік көздерден алатын қаражаты мен активтерінің қозғалысы туралы ақпараттың ашық әрі қолжетімді болуы туралы норма енгізілді. Бұл ішкі мемлекеттік процестерге жасырын ықпал етуге жол бермеуге және қоғамның сенімін арттыруға бағытталған.
Архив қызметкерлері жобадағы қағидаттарды слайд түрінде көрсетіп оған әріптестерінің пікірлерін тыңдады және әркім өз көзқарасымен бөлісті.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған құжат екенін анық көрсетеді.
|
|
|
|
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
| | 14 шілде 2026 жыл |
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
| | 07 шілде 2026 жыл |
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
| | 29 маусым 2026 жыл |
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.
| | 28 маусым 2026 жыл |
28 маусым – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
|
|