Новости:
04 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 4 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қоғам қайраткері әрі ұлт мәдениетінің жанашыры, Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі өткізген «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты.
Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар, музей саласының мамандары, мәдениет қызметкерлері, БАҚ өкілдері, студенттер қатысты.
Жиын барысында көрермен назарына «Мәдениетке мәңгілік із қалдырған тұлға» көрмесі ұсынылды. Онда қайраткердің жеке архив құжаттары, архивтік фотосуреттер мен ұлттық бұйымдар - астау, күміс белбеу, қамзол, сәукеле, ұлттық ер және әйел киім үлгілері, сондай-ақ дәстүрлі қолөнер мен этнографияға қатысты құнды жәдігерлер қойылды.
Көрме мазмұны Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық тарихи сананы қалыптастырудағы рөлін, музей ісін дамытудағы жаңашыл бастамаларын, дәстүрлі өнер мен этнографияны жаңғыртуға қосқан үлесін көрсетеді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
15 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 сәуір 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша ғылым саласы қызметкерлерін, ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 9 сәуірде жұмыс сапары аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрайымы Айзада Амангелдіқызы Құрманова Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде болды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz