Новости:
14 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 14 мамырда Алматыда сиреналар іске қосылды – жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық байқаулар өтті. Жаттығу барысында халықты құлақтандыру жүйесі, теле- және радиоарналар іске қосылды, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар таратылды.
Халық үшін осындай маңызды іс-шараның мақсаты – халықты құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру, ықтимал төтенше жағдайларға халықтың дайындық деңгейін арттыру, өзін-өзі ұстау ережелері мен эвакуациялау бағыттары туралы еске салу болды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері жалпықалалық сейсмикалық жаттығуларға қатысты. Олар: құжаттар, су, дәрі-дәрмектер, қолшам, зарядтағыш құрылғылар, жылы киім және ұзақ сақталатын өнімдер. Жедел эвакуация кезіндегі эвакуация пункті ең жақын қауіпсіз орын - М.Лермонтов атындағы драма театрының ғимараты болды.
«Баршаңызға, назар аударыңыз!» сирена мен дыбыс белгісін естіген архив қызметкерлері одан әрі нұсқау алу үшін радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстардағы ақпаратты бақылап, эвакуация пунктіне бет алды.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдігінің өкілдері төтенше жағдай кезінде және одан кейінгі әрекетке әрбір азаматтың жеке дайындығының маңыздылығын ескере отыра, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау жұмыстары туралы да хабардар етті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


04 маусым 2026 жыл
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы осы күні еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz