Новости:
14 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 14 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
Консультативтік орган отырысында Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімінің маманы Скрипко Екатерина архивтік құжаттарды реставрациялау жөніндегі жұмыстармен таныстырып, проекторда осы бағыттағы жұмыстың барлық процесін көрсетті - реставрацияланатын архивтік құжаттардың түптелуіне дейін.
Айта кету керек, реставрациялау - бұл құжаттардың тарихи және мәдени құндылығын сақтауға бағытталған кәсіби іс-шаралар кешені. Сақтау кезінде олар механикалық зақымдануға, ылғалдануға, ластануға, деформацияға немесе жекелеген фрагменттерінің жоғалуына ұшырауы мүмкін. Және реставратордың негізгі міндеті - құжаттың түпнұсқалығын сақтау және олардың өмірін ұзарту болып табылады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


04 маусым 2026 жыл
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы осы күні еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz