Новости:
14 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 14 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
Кеңесші органның отырысында Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкері Саблин Сырым жеке тектік қорлармен жұмыс бойынша ақпаратпен бөлісті.
Өз сөзінде ол жеке тектік қор құжаттары ресми тектік құжаттарды толықтыратын және байытатын құнды тарихи дереккөз болып табылатынын айтып өтті. Онда тарихи процестің нақты адамдардың тағдырына қалай әсер еткені туралы ақпарат бар. Бұл құжаттарда осы адамдардың өмір сүріп, жұмыс істеген уақыты көрсетілген, болып жатқан оқиғаларға жеке баға берілген. Жеке тектік құжаттар өзінің құрамы мен мазмұны бойынша әртүрлі. Олар мәдениет, өнер, ғылым дамуына, денсаулық сақтау, қоғам өмірінің шаруашылық, саяси және басқа да салаларына елеулі үлес қосқан көрнекті адамдардың өмірлік жолын, шығармашылық процесін бейнелейді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


04 маусым 2026 жыл
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы осы күні еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz