Новости:
04 маусым 2026 жыл
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы осы күні еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді. Бұл – мемлекетіміздің егемендігі мен бірегей ұлттық болмысын айқындайтын қасиетті құндылықтар және мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Құрметті отандастар!
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Елеміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің айғағы. Олар мемлекеттілік, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға шоғырлану және ұмтылу идеясын білдіреді. Отанға деген сүйіспеншілікке, оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылуға және оны қорғауға дайындыққа негізделген ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі – парыз.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Отанымыз - Қазақстанымыз гүлдене берсін, тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбірей берсін!


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
14 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


07 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.


29 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.


28 маусым 2026 жыл
28 маусым – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz