2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.
Архив бүгінде республикадағы ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі бейінді мекеме болғандықтан негізгі қызметі ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық институттардың, конструкторлық бюролардың қызметінде, сондай-ақ күрделі құрылыс саласында қалыптасқан ғылыми-техникалық құжаттаманың құрамы мен мазмұнын зерттеу бағытында қызмет атқарады.
ОМҒТҚА қызметкерлері болашақ әріптестеріне архивтердің көзге көрінбейтін, алайда өте маңызды қызметінің ерекшеліктері жайлы, бұл киелі шаңырақтың тарихи-мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау және насихаттаудағы рөлі маңызды екенін түсіндірді. Студенттерге архивтік құжаттарды цифрландыру үдерісін көрсетіп, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды ғылыми мақсаттарда пайдалану жөніндегі жұмыстармен таныстырды. Архив ғимаратында экскурсия ұйымдастырып, архив саласы жұмысының ерекшеліктері, бірегей құжаттар туралы ақпаратпен бөлісті.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.