Новости:
27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының тарихи маңызын насихаттау, Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларының халықаралық маңызын көрсету, сондай-ақ жас ұрпақ арасында бейбітшілік, қауіпсіздік және ядролық қатерден азат әлем құндылықтарын дәріптеу. Дөңгелек үстелді архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева кіріспе сөзімен ашып, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ архивтік құжаттардың тарихи кезеңді зерттеудегі және кейінгі ұрпаққа жеткізудегі рөліне тоқталды. Іс-шара барысында Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, ядролық сынақтардың зардаптары, полигонның жабылуының тарихи маңызы, архивтік құжаттардың ғылыми құндылығы, ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселелері талқыланды. Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкері Сырым Саблин «Документы об изучении последствий испытаний ядерного оружия на Семипалатинском полигоне (по материалам фондов личного происхождения ЦГА НТД)» тақырыбында баяндама жасап, архив қорларында сақталған Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын зерттеуге қатысты құжаттармен таныстырды. Кездесу барысында Нұрлан Кешірімұлы Бозтаев Семей полигонының жабылуының халықаралық маңызы, ядролық қарусыздану идеясын насихаттау және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы ой бөлісті. Дөңгелек үстелге архив саласының мамандары, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, Нұрлан Кешірімұлы Бозтаев және «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының өкілдері қатысты.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!


30 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық архивінің бас есепшісі Болысбекова Раушан Камалбекқызы Астана қаласында «Bolashaq» халықаралық академиясы ұйымдастырған «2026 жылға арналған заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу. Бірыңғай кадрлық жүйе (БҚЖ). HR.Enbek.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикум» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертификатын иеленді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz