Новости:
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты. Экспозицияда Әзербайжан Ұлттық кілем музейінің (Баку қаласы) қорынан алынған XIX–XX ғасырлардағы өнердің үздік үлгілері ұсынылды.

Көрмені Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Әзербайжан ұлттық кілем музейі және Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұйымдастырды.
Экспозицияның жеке бөлімі көрнекті ғалым, кілем суретшісі, Әзербайжан ұлттық кілем музейінің негізін қалаушы, Әзербайжанның халық суретшісі Лятиф Керимовтің туғанына 120 жыл толуына арналды. Оның жасаған эскиздері, сондай-ақ «Екінші көктем» және «Хатаи» кілемдері ұсынылды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!


30 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық архивінің бас есепшісі Болысбекова Раушан Камалбекқызы Астана қаласында «Bolashaq» халықаралық академиясы ұйымдастырған «2026 жылға арналған заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу. Бірыңғай кадрлық жүйе (БҚЖ). HR.Enbek.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикум» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертификатын иеленді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz