Новости:
01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!
Бүгінде әр азаматқа қартайған шақта лайықты өмірді қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр және бұл мерекенің мақсаты да қарт адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Бүгінгі мереке күніне орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Архив қалашығының ардагерлері – Роза Ілиясқызы Медалиева мен Розалия Болатқызы Сабденованы мерекемен құттықтады. Архив директоры Жұматаева Баян Амантайқызы өз құттықтауында мереке иелеріне зор денсаулық пен қажымас қайрат тілеп, үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтатынындығы мен архив саласының даму жолындағы ерен еңбектерін атап өтті. Ұжымдастар да өздерінің ізгі тілектерін жолдап, өздерінің мол тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан әріптестеріне құрмет көрсетті.

Құрметті қазыналы қариялар, ардақты ата-әжелер!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас қуаныш тілейміз. Өмірлеріңіз бақытқа, шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толсын!


Все новости