Новости:
07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.
Бұл ғылыми конференция - Батумиде тұрақты түрде ұйымдастырылатын дәстүрлі академиялық форум болып табылады.
Конференцияда архив ісі, электрондық құжат айналымы жүйесі, өңірдегі археологиялық жұмыстар, сондай-ақ Оңтүстік-Батыс Грузияның көршілес өңірлермен және өркениеттермен этнографиялық ерекшеліктері мен тарихи байланыстары мәселелері талқыланды.
ОМҒТҚА өкілдері «Электрондық архив құжаттың өмірлік циклінің келесі кезеңі ретінде» баяндама жасап, онда архивтерді электрондық форматқа көшіру барысында жұмыс тиімділігін, адам ресурстарының үнемделуін және барлық цифрландырылған архивтік құжаттаманың сақталуы қамтамасыз етілетінін атап өтті.


Все новости