Новости:
21 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 21 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
Отырыста Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкері Нұржұма Ақерке «Е-архив бойынша Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша ақпаратпен бөлісті. Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві (Е-архив) ақпараттық жүйесін мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметінің негізгі процестерін автоматтандыру, сондай-ақ архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру мақсатында пайдаланады, сондықтан бүгінгі таңда оған көптеген мемлекеттік ұйымдар қосылған.
Ақпараттық жүйе цифрлық жеткізгіштердегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, қағаз түпнұсқаларының өмірін ұзартуға, Ұлттық архив қорының құжаттарын жедел іздестіруге оң әсер етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік архивтер жұмысының тиімділігін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады.
Өз сөзінде архив маманы архивтік анықтамаларды дайындау барысында Қазақстан Республикасының қандай нормативтік-құқықтық актілерге негізделгенін және қызмет көрсету кезінде өтініштерді уақтылы қарау, құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығын сақтау және азаматтардың жеке деректерін қорғау талаптарын орындау қажеттілігі басты қағида екенін атап өтті.


Все новости