Новости:
23 қазан 2026 жыл
2026 жылдың 23 қазанында 25 қазан - Республика күніне орай Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Жетісу облысының мемлекеттік архиві бірлесіп ұйымдастырған құжаттық көрме өтті. Мерекелік шара барысында ОМҒТҚА қызметкерлері жетісулық әріптестеріне архив қорларындағы Республика күніне қатысты құжаттар негізінде дайындалған бейнеролигін көрсетті. Онда Қазақстанның астанасы болған Алматы қаласында орналасқан тарихи маңызы жоғары және сәулет өнерінің бірегей туындылары саналатын ғимараттардың тарихы архивте сақталатын жобалық институттардың қорларындағы құжаттар негізінде ұсынылды. Соның ішінде Үкімет үйі ғимаратына ерекше мән берілді, өйткені онда Қазақстан тәуелсіздігіне қатысты тарихи құжаттар қабылданған ғимарат.


Все новости