Новости:
28 қазан 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тікелей трансляциясын ұжымдық көру ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы өз сөзін елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруын бағалаудан бастады, алдағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап, әділ, мықты және ілгерілеуші Қазақстанның қалыптасуын елдің басты мақсаты ретінде атап өтті.
Сондай-ақ Президент өз жолдауында елді дамытудың басымдықтарын белгілеп берді: ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ұлғайту; цифрлық экономиканы құру және Digital Kazakhstan стратегиясын іске асыру үшін өмірдің барлық салаларына қазіргі заманғы технологияларды енгізу; мемлекеттік басқару реформасының кешенді жоспарын әзірлеу; инвестицияларды тарту; мемлекеттің әлеуметтік саясатын қайта қарау; бүкіл ел бойынша денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт объектілерін жаппай салу; кәсіпкерлерге артық жүктемені жою мақсатында Салық кодексіне түзетулер енгізу; Алатау қаласында жеке сот жүйесін құру; тамақ өнеркәсібі жобаларын іске асыру; педагогтардың беделін қорғау, медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту; экономикада цифрлық технологияларды практикалық қолдану бағдарламасын әзірлеу, микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізу; ауыл шаруашылығын дамыту.
Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы жүйелі реформаларға жаңа серпін беретініне және барлық азаматтардың игілігі үшін ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтынына сенім білдіреміз.


Все новости