Новости:
04 қараша 2026 жыл
Бүгін «Ерекше қауіп-қатер сарбаздары және Чернобыль ардагерлері одағы» республикалық бірлестігі кеңесінің атынан Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева мен ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің басшысы Инабат Ерғалиева архив қоры құжаттарын сақтау барысындағы адал еңбегі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТЫ» медалімен марапатталды. Архивтің бірқатар қызметкерлері Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Архив ұжымы әріптестерін жоғары наградаларымен құттықтап, оларға жаңа еңбек жетістіктерін тіледі!


Все новости