Новости:
10 қазан 2014 жыл
Студенттердің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатындағы кәсіби тәжірибесі

2014 жылдың 10 қазанында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттерінің кәсіби тәжірибесі аяқталды.
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде мұрағат пен университет арасында студенттердің жұмысы бойынша келісім-шарт жасалды. Осы құжат негізінде мұрағатта 2 қыркүйектен бастап әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 4 курс 5В020300 тарих мамандығы бойынша 9 студенті кәсіби тәжірибеден өтті.
Мұрағат басшылары студенттерге мұрағат саласымен танысу мақсатында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының тарихы, бөлімдердің қызметі, мұрағат құжаттарын сақтау ережелері туралы әнгімелесу және тақырыптық экскурсия жүргізді.
Тәжірибе өту барысында студенттер үш топқа бөлінді. Мұрағаттың үш бөлімінде: ақпарат және құжаттарды пайдалану, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру және ведомствалық мұрағат қоры, құжаттарды сақтау, есепке алу және ғылыми аппаратын жасау, екі аптадан кезек-кезек ауысып жүріп мұрағат ісінің негізгі бағыттарымен танысты.
Тәжірибе кезінде студенттер мобильдік стеллажды қолдануды үйренді, қоймадағы құжаттардың орнын ауыстырумен, картондаумен, зерттеушілерге істерді берумен айналысты, ғылыми-техникалық құжаттаманың электрондық каталогымен, толықтыру көздерімен, ғылыми-зерттеу құжаттарының тізімін жасау жұмыстарымен таныстырылды, жеке құрам бойынша тізімдемелердің электрондық нұсқасын жасады, құжаттарды тігуді меңгерді.
Студенттер өзін жақсы қырынан көрсете білді, мұрағат ұжымымен тез арада тіл табысты. Берілген тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауға тырысты, тиянақтылығын көрсетті.
Келешекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты жоғары оқу орындарын бітіретін жастарға арналған кәсіби бағдарлау жұмысын жалғастыруда.


Студенттер Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ведомстволық мұрағатында








Студенттер мұрағаттың ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінде тәжірибе барысында









Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттері мұрағат ұжымымен



















Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттері мұрағат ұжымымен









Студенттер мұрағаттың Ұлттық мұрағат қорын толықтыру және ведомствалық мұрағаттар бөлімінде тәжірибе барысында








ОМҒТҚМ құжаттар қоймасында

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz