Новости:
29 тамыз 2016 жыл
2016 ж. 26 тамызында ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Баспасөз кеңсесі, ҚХР Чунцин қаласының Халық үкіметі Баспасөз кеңсесі, Хенан, Хубэй және Сычуань аймақтарының өкілдері (ҚХР) Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының қолдауымен «Smart life – Created in China 2016» («Даналық. Өмір - Қытайда зияткерлік деңгейде жасалған 2016») ұйымдастырған көрмесінің салтанатты ашылуына және «Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының» (Қытай павильоны) тұсаукесеріне қатысты.
Іс-шаралар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыстарының 24 жылдығына орай өткізілді.
Көрме қытайлық әріптестердің энергия үнемдеу, «жасыл» энергетика саласындағы және ғылым мен техника инновацияларының қоршаған ортаға жағымды әсер етудегі жетістіктерін көрсетеді. Қытай павильонында тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар және әртурлі бағыттар бойынша әдебиеттер ұсынылған.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz