Новости:
14 қыркүйек 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ 2016 жылдың 7-9 қыркүйек айы аралығында Алматы қаласында «Мемлекеттік архивтердегі ғылыми-техникалық құжаттамалар» атты Халықаралық конференция және Республикалық семинар өткізді.
Конференцияны ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Ахмедьяров Ғалым Алғиұлы ашты. Вице-министр құттықтау сөзінде Егемен Қазақстанның 25-жылдығы қарсаңында осы іс-шаралардың маңыздылығын, осы жылдардағы өткерген қиындықтар және қол жеткізген табыстар, конференция қатысушыларының алдына қойған мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Осы мәселелердің шешілуі мемлекетіміздің экономикалық даму стратегиясының бағдарламалық құжаттарының орындалуына ықпал етеді.
Ғ.А.Ахмедьяров қонақтарға және конференцияны ұйымдастыруға қатысқандарға ҚР Мәдениет және спорт Министрі Арыстан Мұхамедиұлының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарды табыс етті.
Сөз кезегі «KAZGOR» жобалау академиясының Президенті Тәтіғұлов Айдар Әбдісағитұлына берілді. Ол баяндамасында құнды құжаттарды тарих және тәжірибелік қажеттілігі үшін сақтауда архив маңыздылығын атап өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаментінің басқарма бастығы Қарсақбаева Гүлзира Елібайқызы «Қазақстан архивтеріндегі ғылыми-техникалық құжаттамалар және онымен жұмыс істеуді оңтайландыру жолы» атты хабарлама жасап құжаттарды есепке алу мәселелеріне, мемлекеттік архивтердегі жойылған мекемелерден алынған ғылыми-техникалық құжаттаманың реттелмеген алабының болуына, ұйымдардағы ведомстволық сақтау мерзімдері өткен құжаттарға тағы да басқа маңызды мәселелерге тоқталып өтті.
Тәжірибе алмасу ретінде конференцияда Ресей Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві құжаттарды жинақтау бөлімінің бастығы С.В.Тиханович (ТМД аумағындағы ең ірі бейіндік архиві, Мәскеу қ.); Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Самара қаласындағы филиал директоры, Ресей Федерациясы Мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері И.Н. Давыдова; Белорус мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры А.М. Запартыка (Минск қ.), Ресей Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві филиалының Ақпаратпен қамтамассыз ету және архив құжаттарын жариялау бөлімінің бастығы, тарих ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының әскери академия ғылымдарының профессоры О.Н. Солдатова (Самара қ.) баяндама жасады.
Қазақстандық тәжірибе ОМҒТҚА директоры Г.С. Сәрсенованың, осы архив маманы Б.В. Волчковтың, Алматы қ. ОМА директорының орынбасары А.М. Исалованың, «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ архив қызметі бөлімінің басшысы Г.К. Айсанованың, Павлодар облысының мемлекеттік архивінің квалификациясы жоғары деңгейлі маманы Т.П. Жданованың хабарламаларында ұсынылды. Ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс істейтін барлық мамандар, архивтердің толықтыру көздерінің түрлі меншік нысандарымен және жаңа технологияларға көшудегі туындаған бірдей мәселелерді шешеді, ұқсас қиындықтардан өтуде.
Конференция жұмысы аяқталғаннан соң, кейінгі екі күнде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мамандары семинар өткізді. Семинар барысында мамандарға ғылыми-техникалық құжаттамалардың нақты түрлерін жүйелеу және сипаттауды үйретудегі негізгі акцент болып табылды. Семинар Алматы қ. ОМА ғимаратында - ең заманауи типтік архив құжаттарын тұрақты сақтауға арналған ғимаратта басталды. Сабақ басталар алдында семинар қатысушылары архив қоймалары мен жұмыс бөлмелерін аралап көріп шықты. Жобалау құжаттаманы ретке келтіру бойынша қойылатын талаптар туралы ОМҒТҚА бас қор сақтаушысы Г.Н.Заруцкая оқу өткізді. «Казтрансойл» АҚ «Ғылыми-техникалық орталығы» филиалының архивисі А.Б.Ахметова ведомстволық архивте осындай құжаттармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.
Келесі мастер-классты «KAZGOR» жобалау академиясы мамандары: К.С. Жұманов, В.И. Данилов, В.И. Слюсарева, Ж.Е. Сұлтанова, З.Ж. Құлмуханбет, К.С. Назарбаев, В.А. Глазуновтар жүргізді. Ғылыми-техникалық құжаттаманы электрондық тасымалдаушыларда архивтеуді меңгерген жобалау академияның мамандарының хабарламалары ерекше қызығушылық тудырды. Екінші күн ОМҒТҚА құжаттардың сақталуын қамтамассыз ету, мемлекеттік есепке алу және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы В.Е.Печерскихтің патенттік құжаттамамен жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша өткізген сабағымен аяқталды.
Соңғы оқу күні «В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты» ЕЖШС аралаудан басталды. Осы күннің қарсаңында түнгі аспанды телескоппен байқауға семинар қатысушылардың арасындағы барлық ниет білдіргендерге мүмкіншілік туындады. Мекеменің директоры Р.Р. Валиуллинмен кездесуден кейін осы ғылыми-зерттеу ұйымымен қысқа танысу сипаттағы экскурсиясы жүргізілді. Әрі қарай, семинар Алматы қаласының ынғайлы және көрікті конференц-залдарының бірінде жалғасты. «Мемлекеттік архивтерді ғылыми-техникалық құжаттамалармен толықтыру» тақырыбы бойынша сабақты орыс тілінде РМҒТҚА (Мәскеу қ.) қызметкері С.В. Тиханович, қазақ тілінде ОМҒТҚА Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомствалық архивтер бөлімінің басшысы Е.Ш. Тілеужан жүргізді. Әрі қарай, сабақты ОМҒТҚА құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Ж.Ә.Қаламбаева ғылыми-зерттеу құжаттарын реттеу тәртібі туралы айтып жалғастырды. ОМҒТҚА квалификациясы жоғары деңгейлі маманы А.А. Тұрсыналиева әлеуметтік құқықтық сипаттағы сұранымдарды орындауды бойынша тәжірибесімен бөлісті. ОМҒТҚА квалификациясы жоғары деңгейлі маманы, тарих ғылымдарының кандидаты Е.М.Грибанова жеке тектік құжаттармен жұмыс істеу бойынша мастер-класс өткізді.
Конференция-семинарға қатысушыларға, жоғарыдағы іс-шаралармен қатар, мәдени бағдарламада ұсынылды: Алматы қаласы бойынша экскурсия, «Медеу» спорт кешенін және «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасын аралау.
Қазақстанда ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу бойынша Халықаралық конференция алғаш рет өтуде, ал семинар – 30 жылғы үзілістен кейін өткізілді. Конференцияға 115 мамандар мен қонақтар қатысты. Қазақстанның 13 облысынан және Астана, Алматы ққ. 55 архивисі семинарға қатысып оқып шықты.
Семинар, үш ғылыми-техникалық құжаттама архивтерінің директорлары қол қойған сертификаттар тапсыруымен аяқталды.
Соңында, семинарға қатысушылар осындай кездесулердің тұрақты тұрде өткізу қажеттілігін атап өтті.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz