Новости:
08 қараша 2016 жыл
2016 жылдың 4 қарашасында «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ қызметкерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің «мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне және 2 курс магистранттарына семинар өткізді. Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің квалификациясы жоғары деңгейлі маман – архивисті Г.Т.Әбілқасымова семинар қатысушыларын архивтің құрылу тарихымен, оның қызметінің негізгі бағыттарымен, қорлардың құрамы, сипаттамасы және көрмелерімен таныстырды.
Студенттер мен магистранттар үшін мастер-кластар көрсетілді: «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары» (ҰАҚ толықтыру және ведомствалық мұрағаттар бөлімінің басшысы E.Т.Тилеужан), «Мемлекеттік қызмет көрсету – архив анықтамаларын беру» (Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің квалификациясы жоғары деңгейлі маман – архивисті Ә.А.Тұрсыналиева).
Семинардан кейін Алматы қаласының 1000 арналған, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ҚазақКСР астанасы Қызыл Ордадан Алматы қаласына көшірілгенін бейнелейтін «Жаңа астана» атты деректі фильм көрсетілді.


















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz