Новости:
14 желтоқсан 2016 жыл
Таймағанбетов Жакен Қожахметұлы

Тарих ғылымдарының докторы, Әл Фараби атындағы ҚАЗҰҰ тарих факультетінің архелогия және этнология кафедрасының профессоры, ҚР ЖҒА мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, степендиат Таймағанбетов Жакен Қожахметұлы 1953 жылы 14 желтоқсанда Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Батманов аулында дүниеге келген.
1970 жылы Қостанай облысындағы Смирнов орта мектебін аяқтап, мектепте бастауыш сынып мұғалімі, одан кейін Святослав орта мектебінде денетәрбиесі және еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет істейді, Бурабай ауданы Ломоносов зерносовхозында, және Алматы қаласындағы ҚМБ-18 құрылыс бөлімінде жұмысшы болады.
1974 жылы ҚҰҰ тарих факультетіне оқуға түседі. Қоғамдық белсенді қызметі және үздік оқығаны үшін ОК БЛКЖО белгішесімен марапатталады.
1979 ж. Өзінің қызметтегі еңбек жолын ЖТАИ ҚазССР ҒА мамандығы бойынша зертханада бастайды. 1980-1983 ж Новосібірде ССРО СБҒА тарих, филология және философия институтының аспиранты болады. 1984 ж «Оңтүстік Қазақстандағы палеолиттің периодталуы» тақырыбында ғылыми іздену дәрежесінде тарих ғылымына кандидаттық диссертациясын қорғады. Осы жылы ҚазССР ҒА архелогия және этнография, тарих институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін аға ғылыми қызметкер болды. 1989 ж. оны Қазақстанның тас дәуірі ескерткіштерін оқып үйрену тобына меңгерушілік қызметке тағайындайды.
1993ж. Новосібір қаласында «Қазақстандағы палеолиттің негізгі проблемалары» тақырыбында басылған жиынтық жұмысты ізденімпаздық дәрежесінде тарих ғылымының докторы диссертациясын қорғады. Жакен Қожахметұлына 1995ж «профессор» атағы берілді, ал 1997ж ҚР ЖҒА академигіне сайланды. 1991ж -1998ж дейін ҚР ҰҒА археология институты ғылымы бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды, одан кейін ҚРҰҒА бірігуіне байланысты ҚазҰҰ ауысып аға ғылыми қызметкер қызметінде қалып жұмыс істейді.
Жакен Қожахметұлы 150 - ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 18 монография, жоғарғы оқу орындары мен орта мектептерге арналған оқулықтар, кітапшалардың авторы және бірлескен авторы. Оның көптеген мақалалары ағылшын, француз тілдерінде жазылды және алыс шетелдерде басылып шықты.
Ол - алғашқы археология маманы, оның қызығушылығы- ежелгі Еуразия мәдениетінің тарихы, Қазақстан аумағындағы алғашқы қоныстанған адамдардың мәселелері, олардың материалдық мәдениеті, этникалық байланысы және миграциясы. Жакен Қожахметұлы – дүниежүзіне мәлім Қызылтау, Саяқ, Шоқтас, Қошқұрған, Ембі, Өзен және басқа ежелгі палеолитикалық ескерткіштерді ашқан алғашқы адамдардың бірі. 10 жылдан аса Халықаралық Қазақ-Ресей кешенді археологиялық экспедициясының бірлескен басшысы. Қазақстан археологиясынан курстарда дәріс оқиды, бірмезетте арнайы курстарда және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады.
ҚР ҰҒА ҚазҰҰ диссертациялық кеңестің мүшесі, «Еуразиядағы архелогия, этнография және антрапология» (Новосібір қ.) журналының редкеңес мүшесі, ҚҰҰ «Вестник» журналы, координациялық кеңестің басшысы және тағы басқа, сондай-ақ Түркменстандағы президент жанындағы ғылыми кеңестің мүшесі болып сайланды.
Ғылымды дамытуда қосқан үлесі үшін «Тәуелсіз Түркменстанға 11жыл» мерейтой медалімен марапатталды. 2003ж. ҚР БжҒМ «Қазақстан палеолит ескерткіштерін статифицировалық іздеу және оқу» грантының иегері атанды.Оны ҚР ҒА ЖМ корреспондент мүшесіне сайланды. Одан кейін «Еуразия халықтарының өзара іс-қимылы және мәдениеті» Азиядағы ғылыми академия Қауымдастығы Фундаментальды академияаралық бағдарламасының бірлескен басшысы болды, кейінірек Қазақстанның Алматы Қауымдастығының Антиковедінің мүшесі болды.
Таймағанбетов Жакен Қожахметұлының № 170 жеке қоры «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-де мемлекеттік сақтауында.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz