Новости:
26 желтоқсан 2016 жыл
Физика-математика ғылымдарының кандидаты Степанова Т.С. 1938 жылы қаңтарда Алматы қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.
Әкесі – Сергей Яковлевич Федеров инженер-дорожник, анасы – Романова Ксения Алексеевна машинист болған.
1941 жылы қаңтарда әкесі қайтыс болады. Оның екі қыз бір ұлына соғыс жылдарының ауыртпалығын көтеруге тура келеді.
1956 жылы Татьяна Сергеевна мектепті аяқтайды. Одан кейін Алматыдағы байланыс техникумында оқиды. Алматыдағы телеорталықта жұмыс істей жүріп, 1966 жылы политехникалық институтының телемеханикфакультетінде және Ташкенттегі Теміржол институтының радиобайланыс факультетінде сырттай бөлімде оқиды, бірінші курстан кейін Мәскеудегі Бүкілодақтық политехникалық институтқа ауысады.
Диплом жұмысын қорғағаннан кейін Татьяна Сергеевна телевизия жабдықтарын Эксплуатациялау инженері қызметіне және лабораториядағы жаңа телевизиялық ретрансляторды әзірлейтін қызметке ауысады.
1973 жылы Гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институтына ауысады. Институтта оған бәрін басынан бастауына тура келеді. Бұл жұмыс оны қызықтырғандықтан тез уйреніп кетеді. Оның бірінші экспедициясы Іле ауданындағы Шамалған полигоны болды. Ол жерде жыл сайын жасанды сел жүру эксперименті жасалды. Сол жылы жолдасы Борис Сергеевичпен бірге жаңа ашылған селеметрлік лабораторияда екінші штатты жұмыскер болып тағайындалады. Бұл жұмыстың қызықтырғаны соншалық, 1984 жылы ол ғылыми диссертация жазып оны қорғайды. Осы жылы оған физика-математика ғылымдарының кандидаты атағы беріледі.
1991 жылы Б. С. Степановпен бірігіп Мәскеудегі «Гидрометиздат» бөлімі баспасынан шыққан «Механика селей» атты кітап жазады.
Жұбайы Борис екеуі көп жылдар қоршаған орта мен сел жүру мониторингі және климатты зерттеу, климатты моделдеу, сел жүру болжамы және есебі картографиялық аймақтағы сел жүру қаупі жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының лабораториясында ғылыми жұмыстарын бірге жасады. 30 жылға жуық Татьяна Сергеевна Алматы қаласын селден қорғауды оқып үйреніп, ғылыммен айналасып, осы салада өзін көрсете білді.
«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-ге Т.С. Степанованың жанұялық қоры № 167 жеке қорға тапсырылды.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz