Новости:
12 сәуір 2017 жыл
2017 жылдың 5 сәуірінде ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы бірлесіп ұйымдастырылған «Ұлы Жібек жолының жаңа бейнесі мен жетістіктері» атты фотокөрменің салтанатты ашылуына қатысты.
Фотокөрменің ашылуында Мұражай Менеджмент және маркетинг департаменті директорының орынбасары Бибігүл Дандығаровнаға сөз сөйледі. Содан кейін Қазақстан Республикасының Қытай Бас консулы, Чжан Вэй мырза қазақ-қытай саясат саласындағы қарым-қатынастарды, экономика, құрылыс, кәсіпкерлік, білім беру, мәдениет, туризм және спорт жетістіктері туралы әңгімеледі. Қытай студенттері халық биін билеп және ушу қытай жауынгерлік өнерін көрсетті.
Көрмені ұйымдастырушылар келушілерге Қытай фотосуретшілерінің жұмыстары арқылы Қытайдың бай тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қытай өнерін таныстырды.
Көрме «Жаңа бейне», «Бірлескен құрылыс және пайдаланылуы», «бірлесіп өмір сүру мен ортақтаса өркендеу» атты 3 бөлімнен тұрады. Көрмеге 70-тен астам фото жұмыстар қойылған. Фотосуретшілердің жұмыстарында сонымен бірге Қытайдың сәулет ескерткіштері, көркем табиғи орындары мен көрнекті жерлері көрініс тапқан. Фотосуреттер арасында: «Jiayu – Ұлы көш», «Будда үңгіріндегі күн сәулесі», «Yongtai көне қаласы», «Түнгі қайықтар сайысы», «Тибеттік жаңа жыл», «Түйеші», «Көне ауылдағы қағаз өндіру», «Жүрдек пойыздар дәуірі», «Аспалы көпір», және т.б. жұмыстар бар.
Көрмеде келген қонақтарга Қытайдың саяси көшбасшысы Си Цзиньпинаның «Мемлекеттік басқару туралы» кітабы таратылды.











Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz