Новости:
25 сәуір 2017 жыл
2017 жылдың 21 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві серіктестерімен бірлесе отырып: Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология Институты, «Әділет» Республикалық қоғамы, «TENGRI NEWS» Қазақстандық жаңалықтар порталының қолдауымен «Тарихтағы Тұлға: Қазақстаннның инженерлік-техникалық ғылым зиялылары туралы дерек көздері. 1920–1950 жж.» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Тақырыптың таңдалуы ағымдағы жылдың ерекшелігінен туындаған. 100 жыл бұрын қайғылы салдарға әкелген оқиғалар болған: азаматтық соғыс, қазақ жерінде демографиялық қатастрофа, сонымен қатар, 1930-шы жж. басталып ХХ ғ. ортасына дейін жалғасқан қуғын-сүргін, жер аударуға соқтырған, Ұлы Отан соғысы. Бірақ бұл оқиға (1917 ж. революция) халыққа жаппай сауаттылық және сапалы білім алуға, жұқпалы ауруларды тоқтатуға, өнеркәсіпті құруға, Қазақстанның зияткерлік және басқару элитасының қалыптасуына мүмкіндік берді. Бұның барлығы 1990-шы жж. егемендікке сенімді бағыт және салыстырмалы қысқа мерзім ішінде Орталық Азия аймағындағы алдыңғы орындардың бірін алуға мүмкіндік берді.
2017 ж. басқа да қайғылы ескерткіш датасы келеді: үлкен террор"-дың басталуына 80 жыл толуы. Қазіргі ұрпаққа үлгі болып, мемлекеттік террордың құрбаны болып немесе зардап шегіп, сол қиын-қыстау кезеңде азаматтық және еңбек ерлігін жасаған тұлғалардың қызметін зерттеуі осы конференцияның өткізу себебі болып табылады.
Архив сұранысы бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті берген деректерінде 2014-2015 жж. ғылым мен техника тарихы бойынша бірде-бір диссертация қорғалмаған. Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» - деп атап өтті.
Басқа да маңызды мотивы бар. Ғылым және техника тарихы Қазақстан халқының жасампаз қызметіндегі инженерлік-техникалық және ғылым зиялы қауым өкілдерінің атқарған рөлі мәселелері соңғы онжылдықта зерттеушілер мен зерттеу ұйымдардың назардан тыс қалды.
Осы тақырып бойынша конференцияны ұйымдастыру аса кәсіби себебі Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қазіргі заманғы құжаттарымен толықтыру барысына қолдау жасау. Мемлекеттік сақтауға қажетті құжаттардың түсуін тежейттін, сақталған құжаттар мен зерттеулердің өзара байланысты екенін түсінгісі келмейтін ғылыми-зерттеу мекемелері мен компаниялардың кейбір басшылары архивистерге жиі кездеседі. Бұл жұмыс, әсіресе «Қазіргі Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын дайындау кезінде өзекті. Мемлекетіміздің ағымдағы проблемаларын шешуге нақты қосқан үлесін дәделдейтін құжаттық базасын жинақтау қажет.
Бұл проблемаларды сезіне отырып, ОМҒТҚА архивістері осы іс-шараны өткізу туралы бастама көтерді. Архив тарихи мәселе бойынша конференцияны алғаш рет өткізді. Оны «Туған жер» бағдарламасын әзірлеу жолындағы бірінші қадам ретінде қарастыруға болады. Архив келешекте осындай конференцияларды жиі өткізуді жоспарлауда.
Конференцияға Астана, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Лисаковск, Павлодар, Өскемен, Саратов (Ресей), Самара (Ресей) қалаларының жоғары оқу орындар, архивтер, ғылыми-зерттеу орталықтар, мұражайлар 36 авторлардың 30 баяндамалары мен хабарламалар ұсынылды.
Авторлардың арасында - 1 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, сондай-ақ магистранттар мен жас зерттеушілер қатысты.15 өтініш берушілердің конференцияға 11 баяндамашы қатысты, сонымен қатар, Мәскеу қаласынан келген қонақ, сәулетші-суретші С.Г. Строганов атындағы ММКӨА аспиранты, сәулет тарихын, атап айтқанда XIX ғ. аяғындағы –XX ғ. басындағы Верный қ. ғимараттарын зерттейтін А.Е. Шейнер.
Конференция барысында Г. С. Жүгенбаеваның баяндамасында Қазақстан тарихында өз ізін қалдырған қоғам және саясат қайраткері М. Тынышбаевтың өмірі мен қызмет жолы туралы айтылды. О. Х. Мұхатова, Қ.И. Қабылшаеваның баяндамаларында Түркістан-Сібір темір жолын салу, атап айтқанда, темір жол құрылысына көмек беру комитетінің жұмысы, Түрксіб құрылысы бойынша комитетті басқарған Т. Рысқұлов және оның басқару қызметін атқарғаны туралы айтылды. М. Тынышбаевтың темір жол құрылысының аймақтарында жүргізген экспедициясы, сонымен қатар, магистральдің Мемлекеттің әлеуметтік-саяси және экономикалық өмірінің дамуында орны мен рөлі анықталды.
Ә.Т. Сүлейменова мемлекеттік қайраткер, А. Кенжин қызметінің соңғы кезеңінде Қазақстандағы ірі Семей ет комбинатының құрылысына басшысы етіп тағайындалғаны туралы әңгімеледі. Бұл тұлғалардың қызметі мен өмірі ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргіндермен үзілген.
Конференция қатысушылары Алматы қ. архив және мұражай коллекцияларындағы әскери инженер А. П. Зенковтің мұрасымен (Е. В. Чиликова және А.Е. Шейнердің хабарламалары), Х. Досмұхамедовтың қазақ тіліндегі тұңғыш зоология пәнінен «Жануарлар» оқулығының тағдырымен, Қазақстанға аударылған ғалым-биологтар А.А. Бялыницкого-Бирули, Н.Н. Троицкий, И.А. Филипьев, Б.К. Штегман және т. б. (Ж. Т. Байкаштын хабарламасы) қиын, бірақ шығармашыққа толы тағдырларымен, қуғын-сүргінге ұшыраған инженерлер Ю. Г. Венске және В. Н. Иванов-Ухтомскийдің Павлодар кеме жөндеу зауыт жұмысына қосқан үлестерімен (Н.А. Кубиктің хабарламасы) таныстырылды.
К. Прилуцкая жердің қайта тұздану проблемасын және оны шешуге әрекет еткен мамандардың тағдырын зерттеді. Ол қайта тұздану мәселесі әрдайым назардан таса қалып отырған деген қорытындыға келді. Әрбір тарихи кезеңде ең бірінші кезекте әлеуметтік-саяси проблемалар шешілген: алдымен Ресей Түркістанға орыс шаруаларының қоныс аударуы және орыс әскерін күшейтуі, одан кейін табиғатты жаулап оны адамға бағындыру, кейінірек – тыңды игеру. Осы барлық мемлекеттік жобаларды жердің қайта тұздану проблемасының қорытындылары мен ұсыныстары ыңғайсыз болатын. Қайта тұздану бүгінгі күнде де бар, және ол іс жүзінде кеңестік кезеңнің алып құрылыстардың басқа да экологиялық зардаптары мен бір қатарда тұр.
В.Е. Печерскихтің баяндамасы ОМҒТҚА құжаттары негізінде дайындалған. Ол В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы Қазақ ғылымдар академиясы филиалының (ВАСХНИЛ) ғалымдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы азық-түлік проблемасын шешуге қосқан үлестері туралы мәселе көтереді. Ғалымдар жаңа тұқым түрлерін шығару жұмысын үздік жүзеге асырды: ет-жүнді бағыттағы жаңа тұқымды биязы жүнді қой (қазақ биязы жүнді) және қазақтың ақбас ірі қара малы,сонымен қатар, біздің замандастарымыз нәтижелеріне қайта оралған табиғи каучукты өсімдіктерді өсіру бойынша зерттеулер (көксағыз).
Э.Р. Усманова зерттеуші (ресейлік әріптестерімен И. В. Семенова, И. И. Дремов және Лисаков қ. Л. Г. Лесковалармен авторлық бірлестікте) неміс Рау әулеті туралы әңгімеледі. Оның өкілдерінің бірі Пауль Давыдович Рау, барлығы 33 жыл ғана өмір сүрді, өкіметтің репрессиялық саясатының салдарынан өмірі қайғылы кесілген болатын. Бірақ оның ғылымға қосқан үлесі орасан: міне бүгін де далалық Еуразияның қола және ерте темір дәуірінің проблемалары бойынша бірде-бір ірі зерттеу Пауль Давыдовичтің материалдар мен еңбектерісіз өтпейді. Жер аудару толқыны Рау әулетін Поволжье жерінен Қазақстанға әкелді, оның ұрпақтарының бірі Альберт Рау – қазіргі заманғы Қазақстанның қоғамдық және саяси қайраткері.
Т.П. Волкова басқа Қазақстандықтың, неміс, Эдуард Абрамстың тағдыры туралы әңгімеледі. Ол өмірдің барлық қиыншылықтарына қарамастан, таңдаған техникалық мамандығында айтарлықтай із қалдырған.
А. Қ. Ботанов биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, әлемге әйгілі ғалым, Е. В. Гвоздевтің жеке қорын зерделеп, оның зерттеуші ретінде қалыптасуы туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, конференцияда Б.В. Макаренко және С.С. Макаренко ерлі-зайыптылары, 1959 ж. Қазақ кен-металлургия институтының түлектері, түрлі-түсті, сирек және асыл металлдар бойынша инженер-металлургтердің, Томск-7 қ. (қазір Северск қ.) ядролық қаруды тежеуші ядролық зарядтарды шығаратын зауыт мамандарының естеліктері айтылды. Олар өз оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан металлургиясында айтарлықтай із қалдырған курстастары туралы айтып берді.
Талқылауды қорытындылай келе, конференция қатысушылары соңғы жылдары «Тарихтағы Тұлға...» проблемасы негізсіз назардан тыс қалғанын атап өтіп, ұйымдастырушыларға конференция материалдары тезірек жарыққа шыққанын тіледі.

ОМҒТҚА қызметкері Г.Н. Заруцкая конференция қатысушыларын архивтің ғылыми еңбектерімен таныстыруда.





Конференцияның ашылуы. Мінбеде – ОМҒТҚА директоры Г.С. Сәрсенова





Конференция қатысушылары. Сол жақтан оңға қарай: А.Т. Сүлейменова, т.ғ.к. ҚР ПА бас сарапшысы; Г.С. Сәрсенова, ОМҒТҚА директоры; Г.С.Жүгенбаева, т.ғ.д., Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі; О.Х. Мұхатова, т.ғ.д, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ж.Т. Байкаш, ҚР ПА бас сарапшысы.



Ж.Т. Байкаштың қуғын-сүргінге ұшраған биологтар туралы презентациясынан үзінді.





ОМҒТҚА қызметкері В.Е. Печерских баяндамасын жасап тұр.






В. Е. Печерскихтің майданды азық-түлікпен қамтамасыз етуде ВАСХНИЛ ғалымдарының қосқан үлесі туралы презентациясынан үзінді.






А.Е. Шейнер, сәулетші-суретші, С.Г. Строганов атындағы ММКӨА аспиранты (Мәскеу қ.) баяндама жасап тұр.
















Конференция қатысушылары.






Конференция ұйымдастырушылары - ОМҒТҚА қызметкерлері.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz