Новости:
19 маусым 2017 жыл
2017 жылдың 29 мамыр мен 16 маусым аралығында ОМҒТҚА «Мұрағаттану, құжаттану және құжатпен қамтамасыз ету мамандығы» бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс студентері өндірістік практикадан өтті. ОМҒТҚА бөлім басшылары студенттерді архив саласымен таныстыру мақсатында тақырыптық экскурсия ұйымдастырып архивтің тарихы, бөлімдер қызметі, құжаттардың сақтау ережелері туралы лекция жүргізді.
Архивістер студенттерді өрт сөндіру жүйесімен, мобильдік стеллажды қолдану, оқу залының ережелерімен, архив сайтының бөлімдері мен дерекқорларымен және т.б. таныстырылды.
Практика өту барысында қоймадағы құжаттарды орналастыру және картондау, зерттеушілерге істерді берумен айналысты, жеке құрам бойынша тізімдемелердің электрондық нұсқасын жасады, құжаттарды тігуді үйренді.
Соңында, практика қорытындалып студенттердің мінездемелері, күнделіктері, есептері тексеріліп қол қойылды. Студенттер үшін өткізілген өндірістік практика архивістердің мамандығымен танысуда өте маңызды болды.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz