2017 ж. 19-23 маусымында ОМҒТҚА директоры Г.С. Сәрсенова Ереван қаласында (Армения Республикасы) өткен Халықаралық Архивтер Кеңесі (ЕВРАЗИКА) Евро-Азиялық аймақтық бөлімшесінің 18-ші Жалпы конференциясының жұмысына қатысты.
Жалпы конференция аясында өткен «Современные проблемы в области комплектования архивов» атты ғылыми конференцияда Г.С. Сәрсенова «Модернизация Казахстана и будущее научно-технической документации в составе Национального архивного фонда Республики Казахстан» тақырыбында баяндама жасады.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.