Новости:
28 маусым 2017 жыл
«ТМД елдері жас архивістердің жазғы мектебін» өткізу шеңберінде (Алматы қ., 2017 ж. 26-30 маусымы) Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде бағдарлама бойынша жоспарланған іс-шара өтізілді.
Архив директоры Г.С. Сәрсенова қатысушыларды ОМҒТҚА тарихымен және қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Архивтің бас қор сақтаушысы Г.Н. Заруцкая «Проектно-сметная документация в фондах источников комплектования государственных архивов и ее техническая обработка» атты тақырыпта лекция оқып, көптеген сұрақтарға жауап берді.
Жоғары деңгейдегі архивіс, тарих ғылымдарының кандидаты Е.М. Грибанова «О работе с документами личного происхождения в ЦГА НТД» атты хабарлама жасады.
Жазғы мектеп қатысушылары ОМҒТҚА қызметкерлері дайындаған құжаттар көрмесімен және қор қоймаларындағы құжаттарды сақтау ережелерімен таныстырылды.




















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz