Новости:
01 шілде 2017 жыл
2017 жылдың 26–30 маусымында Алматы қаласында ТМД елдері арасында жас архивистердің жазғы мектебі өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық универститеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ, Алматы қаласының мемлекеттік архиві.
Жазғы мектепке Беларус, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан Республикасының обылыстарынан және Алматы қаласынан архивистер қатысты.
«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ атынан Тилеужан Е.Ш., Турсыналиева А.А., Еркенова А.К. қатысты.
Жазғы мектептің салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті архивінде өтті. Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі жалпы бөлімінің меңгерушісі Жақыпов М.Х. және Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің архив ісі және құжаттау департаменті мемлекеттік және ақпараттық қызмет басқармасының басшысы Меделбеков Ч.К. сонымен қатар Ресей мемлекеттік гуманитарлық универститетінің ректоры Ивахненко Е.Н., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мутанова Ғ.М. алғы сөздерімен бөлісті.
Қазақстан Республикасының Президенті архивінің директоры Жаппаров Б.А. «Практика, инновации и перспективы развития Архива Президента Республики Казахстан в XXI веке» атты баяндама жасады. РМГУ Гуманитарлық архивінің директоры т.ғ.к. Тараторкин Ф.Г. және профессор, РМГУ кафедра меңгерушісі т.ғ.д. Ларин М.В. лекция оқыды. Соңында ҚР Президентінің архивінде экскурсия өткізілді.
Келесі күндерде семинарлар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында өтті. Сонымен қатар «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ және Алматы қаласының мемлекеттік архивтерімен танысты.
«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ қорлардың сақтаушысы Заруцкая Г.Н. және тарих ғылымдарының докторы Грибанова Е.М. лекция оқыды. Тыңдаушылар архивтің құжаттық көрмесімен және ҰАҚ құжаттарының сақталу қоймаларын тамашалады.
30 маусымда ҚР Президентінің архивінде жазғы мектепке қатысушыларға сертификат табысталды.

Тилеужан Еңлік Шәмілқызы - ҰАҚ қорын толықтыру және ведомствалық архивтер бөлімінің бастығы. 2017 жылдың 26-30 маусым аралығында ҚР Президентінің және Әл-Фараби атындағы ұлттық Университетінің ұйымдастырумен өткен ТМД елдері арасынады жас архивистерге арналған жазғы мектепке қатысқаныма өте қуаныштымын. Ұйымдастыру өте жоғары деңгейде өтті. Көршілес Ресей мемлекетінен келген архив ісінің мамандары тарих ғылымдарының кандидаты Тараторкин Ф.Г. және тарих ғылымдарының докторы Ларин М.В. лекцияларын тыңдау мен үшін бір мәртебе. Жан жақтан келген архивистермен тәжірибе алмастық. Осындай іс-шаралар жиі өткізілсе деген ниетім бар. Осы жазғы мектепке қатысып біздің өз ісімізге деген қызығушылығымыз одан әрі арта түсті.

Тұрсыналиева Әсел Амантайқызы – дәрежесі жоғары деңгейдегі маман: Ресейден келген Ф.Г. Тараторкин мырзамен және М. В. Ларин мырзаға Ресейдің мемлекеттік гуманитарлық университеттің жоғарғы дәрежелі мамаңдарына алғысым шексіз. Осы өткен семинарлардың арқасында көптеген сұрақтарыма жауап алдым. Осы іс шаралардың ұйымдастырушыларына бір айтқым келетіні көбірек осындай дәрежеде семинарлар ұйымдастырылып жас мамандар тәрбиелей берсін.
Еркенова Әйгерім Қанатбекқызы – дәрежесі жоғары деңгейдегі маман: 2017 жылдың 26-30 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының архив ісі мамандарының бастамасымен алғаш өткізіліп отырған «ТМД мемлекеттерінің жас архившілерінің жазғы мектебі» айтарлықтай жақсы дәрежеде өткізілді. Іс шараның бағдарламасында архив ісінің өзекті мәселелерін қамтитын Ресейдің Мемлекеттік Гуманитарлық Университетінің профессорлары М.В. Лариннің және Ф.Г. Тараторкиннің семинарларымен қатар Мемлекеттік Орталық ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мен үшін өте қызықты және тәжірибелік маңызы зор практикалық-семинар сабақтары өткізілді, ҚР Президенттік архивінде құжаттарды сақтау, пайдалану және цифрлаудың жаңа технологияларының мүмкіншіліктерімен танысып, олармен жұмыс жасау үрдісін бақыладық, ал Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік архив мекемесінің техникалық жабдықталу қызығушылық тудырмай қоймайды. Бұндай біліктілікті арттыру мектебі Қазақстанның архив ісі саласында алғаш өткізіліп отыр, соған қарамастан ұйымдастырушылар (ҚР Президент архиві, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және Ресей мемлекеттік Гуманитарлық Университеті) өздерінің кәсіби дайындықтарының дәрежесі жоғары екендігін көрсете білді. Осы жылы өткізілген архившілердің жазғы мектебі одан әрі жалғасын тауып, бұдан да ауқымы үлкен жобаға ұласатынына сенемін.





















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz