Новости:
11 желтоқсан 2014 жыл
2014 жылдың 11 желтоқсанында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының мамандары Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының жаңа ғимаратының тысау кесеріне арналған салтанатты жиынына қатысты. Мұрағат ғимараты Қарасай ауданының Алмалыбақ кентінде орналасқан, жаңадан құралған Қарасай ауданының мұрағаты да осында жайғасты. Бұл облыстық мұрағатының өзінің бірінші жеке меншікті ғимараты.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Өнербаев АОММ бас директоры Г. Құлмұхамбетоваға жаңа ғимараттың кілттін тапсырды. Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Р..Есдәулетов АОММ ұжымын құттықтады. Қазақстан Республикасы Президенті, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама, Алматы қаласының мұрағаттарының өкілдері де өз құттықтауларын айтып келешекте жұмыстарының жемісті болуын тілеп, АОММ бас директорына мұрағат мекемелері шығарған жинақтарын, еңбектерін және естелік шашулар сыйлады. Салтанатты жиынға облыс мұрағат мекемелерінің директорлары, аудан жұртының өкілдері қатысты.
АОММ қызметкерлері жаңа ғимарат ішінде келген қонақтарға экскурсия өткізіп, құжаттар қоймаларын, жұмыс бөлмелерін және семинарлар мен оқу курстарын жүргізетін заманауи компьютерлік жабдықтармен жасақталған кең әдістемелік залын көрсетті.


Ғимараттың тысау кесеріне арналған салтанатты митинг.





Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Өнербаев сөз сөйлеуде.






Солдан оңға қарай: Б.А. Жұматаева, М.Қ.Тахаева, Д.А.Суйнишев, Б.С.Рысқалиева, А.Қ.Ботанов, Ж.Ә.Қаламбаева, О.С.Богданова

Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 ақпан 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивші Саблин Сырым «Жеке тектік қорлардың құжаттары мен материалдарының құрамы. ОМҒТҚА-дағы жеке тектік қорлар құжаттарымен жұмыс жүргізу ережелері» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


31 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 31 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Тұрсұнның, Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ғылыми хатшысы С.Қ.Қожықованың және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты Х. Астың құрастыруымен жарық көрген «Қоңырқожа Қожықов – Ұлттық элитаның көрнекті өкілі» жинақтың таныстырылымына қатысты.


27 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Бақытгүл Райханқызымен


23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz