Новости:
26 қыркүйек 2017 жыл
С.Н. Нұғыманов және оның жеке қоры туралы

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мемлекеттік сақтауға Қазақ онкология және радиология институтының алғашқы директоры және Қазақстандағы онкология қызметінің негізін қалаушы С.Н. Нұғымановтың құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдады.
Ол 1918 ж. Семей облысы, Аягөз ауданы, Таңсық мекенінде көшпенді малшының отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, интернат-балалар үйінде тәрбиеленді. Толық орта білімді меңгеріп, 1934 жылы Талдықорғанның медицина рабфагіне түсіп, кейін Қазақ медицина институтының студенті болды.
Медицина институтын өте жақсы деген бағамен 1941 жылы аяқтап, ординаторлық бөлімнің акушерство және гинекология кафедрасында қалдырылды. 1941 жылы Сәкен Нұғыманов әскер қатарына шақырылды. Қыздары сол кезеңдегі әкесі туралы естелігінде әкелерінің басынан өткен қиын кезеңдерін толық жазған. Өмірінің бұндай қайғылы кезеңдерін Сәкен Нұғманұлы еске алуды ұнатпаған. Дегенмен де қыздарының жазған естелігінде кейбір қайғылы сәттері суреттелген. Сәкен Нұғыманов Харьков түбіндегі шайқаста фашистердің тұзағына түсіп, кейіннен – фашистердің тұтқыны болған. Тұтқыннан оралған соң сталиндік репрессия тәртібінің сұмдығын көрген: штрафбатқа түсті, санитар болып қызмет етті, оқ астында жарақаттанғандарға көмек көрсетті. 1947 ж. әскерден офицер атағын қайтарып медицина қызметінің капитаны болып Қызыл жұлдыз орденін тағып қайтты.
Армиядан кейін С. Нұғыманов өзінің еңбек жолын ҚазММИ акушер және гинекология кафедрасының ассистенті ретінде жалғастырып, сонымен қатар ғылыми эксперименталды жұмыспен белсенді айналыса бастады. «Роль коры головного мозга в развитии экспериментального рака» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп мамандандырылған журналдарда онкология мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалар мен зерттеу жұмыстарын басып шығарған. Ғылыми дәреже алу үшін «Эпидемиология злокачественных опухолей в Казахстане» тақырыбында диссертациялық жұмыс жазып қорғаған. Диссертацияға пікірлерді осы саланың жетекші мамандары жазған. Кеңестік клиникалық онкология кемеңгерлерінің ішінде Сәкен Нұғыманұлы Нұғымановтың аты аса беделді. 1960 ж. Қазақ онкология және радиология институтын құру жолында С.Нұғыманов көп еңбек еткен. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен қарым қатынас орнатып, Қазақстанда халықаралық медициналық орталықтарының бірін құруға септігін тигізген.
Ғылымды жандандыра отырып Сакен Нұғыманұлы Қазақстанның ең алыс аудандарына 36 комплексті ғылыми-медициналық экспедиция ұйымдастырған. Бұл экспедициялардың мақсаты заманауи клиникалық, рентгенологиялық, эндоскопиялық, цитоморфологиялық әдістерді пайдалана отырып әр адамды тексеру болды. Сонымен қатар профилактикалық және жалпы медициналық емдеу-сауықтыру іс-шаралары отарлы мал шаруашылығы, колхоз, совхоз және өндірістік кәсіпорын қызметкерлері арасында жүргізілді.
Ол кәсіби онколог болуымен қатар болашақ дәрігерлерге керемет ұстаз бола білген, Қазақстанға кадрлерді дайындау жұмыстарына белсенді араласқан. Жас мамандар Мәскеудің, Ленинградтың және Киевтің орталық ғылыми зерттеу институттарына аспирантураға оқуға жіберілген. С. Нұғымановтың жетекшілігімен республикаға 100-ге жуық ғылым кандидаттары мен докторлары дайындалған.
Ақылды, көпшіл, белсенді Сәкен Нұғыманов ғылыми және іскерлік қатынастарды тез орната білген. Әсіресе Мәскеу, Ленинград, басқа да одақтық республикалар мен шетел мемлекеттерінің ғалымдарымен жан-жақты қарым-қатынас орнатқан. Керемет маман және ұйымдастырушылық қасиетімен әріптестерінің арасында үлкен абыройға ие болып С. Нұғыманов мемлекеттің және әлем онкологтарының көбісімен достық қарым қатынаста болған. Оның іскерлік қатынастары Қазақстанда Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Халқаралық онкология бойынша ғылыми орталығын құруға және Ұлттық өңеш қатерлі ісігі орталығын құруды жеделдетті. С. Нұғыманов өмірін Қазақстанда медицинаны дамытуға арнаған.
С. Нұғымановтың өмірі мен қызметінің құжаттарын Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне 2016 ж. қыздары Жамиля мен Дамиля Нұғымановалар табыс етті. Сәкен Нұғымановтың жеке қорында оның шығармашылық қызметіне, қоғамдық қызметіне, өмірбаяны жайлы құжаттар және хат алмасу құжаттары мен материалдары қалдырылды. Архивистер қор құжаттарын тематикалық-хронологиялық белгілері бойынша жүйелеген. Қордың хронологиялық шегі 1949 жылдан 1980 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Одан кейінгі кезеңдердің де дара құжаттары сақталған.
ОМҒТҚ архивіне тапсырған құжаттардың ішінде 28 іске жуық аса қызығушылық тудыратын хат алмасулар бар. Ерекше атап өтуге болатын іскерлік хаттар мен телеграммалар атақты академиктер мен профессорлар: Блохин, Шабад, Петерсон, Чаклин, Трапезников, Новикова, Ларионов, Серебров, Нечаева, Кавецкий, Балицкий, Бохман, Раков, Напалков, Чарквиани, Гарин, Давыдов, Заридзе, Саенко, Абдрасулов секілді тұлғалардың хаттары.
Нұғымановтың жеке қорының тізімдемесінде жалпы атаудан кейін істердегі құжаттарды біртіндеп сипаттау әдісі пайдаланылған. Бұндай әдіс қажет ақпаратты тез іздеп табуды жеңілдетеді. Тізімдемелерге енгізілген жалпы істердің саны 200 сақтау бірлікті құрайды. Қорға 179-шы нөмір берілген.



Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz