Новости:
10 қазан 2017 жыл
2017 ж. 6 қазанында ОМҒТҚА директор м.а. Т.Н. Тойбаев және архивистері Г.Т. Абилкасимова және Ә.Қ. Еркенова ҚР мәдениет және спорт министрлігінің және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен өткізілген профессор Қ.М. Атабаевтың 70 жылдығына орай еске алуға арналған «Деректану және архивтану: зерттеулердің жаңа парадигмалары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Конференция пленарлық отырыспен ашылды. Пленарлық отырысты ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің деканы М.С. Ноғайбаева ашты. Келесі сөз сөйлеу кезегі архив мекемелерінің директорларына берілді. Қамбар Махамбетұлының жары, достары, шәкірттері, замандастары өздерінің ұлы ұстаздары туралы естеліктерін айтып өтті.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші секциясында ақпараттық қоғамдағы архивтердің рөлі мәселесіне қатысты баяндамалар оқылды. ОМҒТҚ архивінің архивисті Ә.Қ. Еркенова тарих ғылымдарының кандидаты, Е.М. Грибановамен бірлесіп жазған «ОМҒТҚА С.Н. Нұғымановтың жеке тектік қоры: құндылығын сараптау және сипаттаудың ерекшеліктері» баяндамасы негізінде сөз сөйледі. Сонымен қатар секция отырысы барысында Қазақстан архив ісін дамытудың инновациялық идеялары ұсынылды.


















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz