Новости:
16 қазан 2017 жыл
2017 ж. 12–13 қазанында ОМҒТҚА архивистері Е.М. Грибанова және Ә.Қ. Еркенова «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: өзекті мәселелер, тәжірибе, инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына және АҚШ-тың Ұлттық архивтері мен құжаттама басқармасының жетекші сарапшысы Крис Нейлордың «АҚШ-та құжаттаманы басқару: федералдық үкіметтің нормативтік-құқықтық аспектілері» тақырыбында өткізілген мастер-классына қатысты. Конференция мен мастер-классты ҚР Президентінің архиві ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстанның барлық архив мекемелерінен және Ресей мен Өзбекстанның архивтерінен өкілдер шақырылған.
Алғашқы рет АҚШ архив саласының өкілі (Индиана штатының бас архивисті) Алматы қ. 1997 ж. мамырында келген. Ол кездесу де ҚР Президенттік архивінде өткізілген болатын. Бұл конференцияға да республикалық, қалалық және облыстық архивтердің мамандары қатысқан. Дегенменде соңғы өткізілген іс-шара талқыланған сұрақтар масштабы бойынша да қатысушылар саны жағынан да 20 жыл бұрын өткізілген кездесуден асып түсті.
Конференцияның негізгі тақырыбы – электрондық құжаттар мен архивтер және олармен жұмыс жасау. Архив қызметінің басқа да өзекті мәселелері қозғалды. Конференцияның материалдарында Е.М. Грибанованың «Қазақстанда архив ісін ұйымдастырудың кейбір аспектілері» тақырыбында мәтіні жарияланды. Конференцияға қатысушылардың алдында сөз сөйлегенде Елена Михайловна мемлекеттік архивтерді жеке тектік құжаттармен толықтыру мәселелерін айтып өтті.
Мастер-класс барысында К. Нейлор заманауи архивтердің барлығында өзекті мәселелер ұқсастығын атап өтті: архив қоймаларының ауданының аздығы, электрондық құжаттар және архивтермен жұмыс жасау тәсілдері, сонымен қатар олардың сақталуын қамтамасыз ету және т.б. Ол NARA-ның қызметін толық сипаттап өтті: құрылымының, заңнамалығы мен нормативтік базасын, федералдық мүшелермен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін айтып өтті, сонымен қатар қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Архивтердің жұмысындағы бірқатар өзгешеліктергі назар аударды. Мысалыға: ҚР Президенттік архивінде құжаттарды цифырлау барысында бөлек істер сөгілгеннен кейін үзіліссіз сканерлеу құрылғысына орналастырылады. Американдық архивтерде құжаттарды бір беттеп қана сканерлеуге (цифырлау) жол беріледі. К. Нейлор Қазақстандық архивистердің қызықты тәжірибелері бар екендігін және бұл тәжірибелерді NARA-да пайдалану туралы ұсыныс жасайтындығын атап өтті. Соңында архивистерге арнайы сертефикаттар берілді.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның соңғы бөлімінде қатысушылар архив форумы үрдісінде айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар тәжірибеде қажет болатындығын, архивтердің жұмысын жетілдіруге, архивистердің арасында жан-жақты және өзара тиімді халықаралық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндіктер туғызады деп қортындылады.
Конференцияның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғандығын атап өткен жөн. Конференцияның материалдары алдын ала басылып шығарылып, қатысушыларға таратылып берілген.

«Қазіргі кезеңдегі архив ісі: өзекті мәселелер, тәжірибе, инновациялар» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары. 2017 ж. 12 қазаны.




ОМҒТҚА архивисті Ә.Қ. Еркенова (Алматы, ҚР), АҚШ-тың Ұлттық архивтері мен құжаттама басқармасының бас операциялық директорының орынбасары К.Нейлор (Вашингтон, АҚШ), ОМҒТҚА архивисті Е.М. Грибанова (Алматы, ҚР), ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі М.Х. Жақыпов (Астана, ҚР).











Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің директоры Ж.Ж. Тұрсынова және ОМҒТҚА архивисті Е.М. Грибанова.








Е.М. Грибанова баяндама жасауда














К. Нейлор мастер-класс өткізуде.















ОМҒТҚА архивистері Е.М. Грибанова және Ә.Қ. Еркенова архив қызметінің ардагері Г.С. Сәрсеновамен.









ҚР Президенті архивінің директоры Б.А. Джапаровтың Ә.Қ. Еркеноваға сертификат беруде.

Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 3-5 наурыз аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Е. Скрипко «Азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың басшылары» санаты бойынша оқуға қатысты.


04 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 4 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қоғам қайраткері әрі ұлт мәдениетінің жанашыры, Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі өткізген «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты.


03 наурыз 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) инженерлік инфрақұрылымы бөлігінде технологиялар, шешімдер, сараптама және үздік тәжірибе ұсынылған DCDE Central Asia форумының жұмысына қатысты.


02 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 2 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері Рабиға Сыздық, Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Әзілі жарасқан әз ғалымдар» атты тағылымдық-тәрбиелік кешіне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz