Новости:
16 қазан 2017 жыл
Құрылыс саласының шебері

Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы, өркендеп алға басуы үшін әр сала мамандарының қосқан үлесі зор. Солардың бірі де бірегейі, бүкіл саналы ғұмырын елдің өндірістік-экономикалық дамуын айшықтайтын, көркіне сән қосып, салтанатын асырар құрылыс пен сәулет өнеріне арнаған, құрылыс саласының шебері ─ Қуатбаев Қуанғали Қуатбайұлы.
Қ.Қ. Қуатбаев 1931 жылдың 14 қазанында Атырау облысы Жылыой ауданы Қарағай мешіт ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) технологиялық университетін бітіреді. 1954-1962 жылдар аралығында Қазақстан ғылым акдемиясының Құрылыс және құрылыс материалдары ғылыми зерттеу иниститутында, 1962 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы құрылыс материалдары ғылыми зерттеу және жобалау институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, т.б. қызметтер атқарады.
Қуатбаев Қуанғали Қуатбайұлы 1981 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы атағын алды. 1982 жылдан құрылыс инженері, технология ғылымдарының докторы, профессор. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Қуатбаевтың негізгі ғылыми ізденістері силикат пен құрылыс материалдарының химиялық технологиясына арналған. 1960 жылдардың басында цементсіз силикат материалдарын көптеп шығаруға байланысты одан жасалатын өнімдердің түрлерін көбейту керек болды. Бірақ ол кездегі СССР құрылыс нормалары бойынша цементсіз силикат материалдарын ылғал әсері болатын құрлыстарда пайдалануға рұқсат етілмейтін. Қ. Қуатбаев қарқынды жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесінде құм мен әкті ұнтақтап пайдалану технологиясы бойынша ылғалға төзімді цементсіз силикат әзірлеуге болатынын дәлелдеді. Қ. Қуатбаевтың ғылыми ұсыныстары Ақтөбе, Астана, Қостанай, Орал, Семей, Павлодар, Теміртау, Қырғызстанның Иваново, Өзбекстанның Жызақ және Ресейдің Қиыр Шығыс зауыттарындағы силикат материалдарына енгізілді. Сонымен қатар Чехославакия, Араб елдері, Қытай, АҚШ т.б. елдер де қызығушылық танытты.
Қ. Қуатбаев 500-ден астам ғылыми жарияланым мен 10 монографияның авторы. 100-ге жуық өнертапқыштық авторлық куәліктің иегері. Сонымен қатар Қ. Қуатбаевтың қатысуымен құрылысқа қатысты 35 нормативтік құжат әзірленді. Еңбектері ағылшын, неміс, венгр, румен тілдерінде жарияланды. Профессор Қ.Қуатбаевтың ғылыми жетекшілігімен 20 кандидат және 3 техника ғылымдарының докторы дайындалды.
Қ. Қуатбаев ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметтері үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және «1941-1945 жж. Ұлы отан соғысы жеңісінің 50 жылдығы», «Еңбектегі ерлігі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталды. Бүгінде құрылыс саласының майталманы Қуанғали Қуатбайұлының туғанына 86 жыл толып отыр.
Әлемдік стандарттарға сай, құрылыс өндірісінің бірегей технологиясын қолдана отырып салынған сәулетті ғимараттар Тәуелсіз еліміздің әр қаласында бой түзеп келеді. Әсем ғимараттар биіктеген сайын ғалым Қуанғали Қуатбаевтың үлесі де арта түспек. Қуанғали Қуатбайұлы Қуатбаевтың құрылыс саласын одан әрі дамыту үшін жасаған терең ізденістері мен өнегелі өмірі келешек ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.
2003 ж. (№141) Қуанғали Қуатбайұлы Қуатбаевтың жеке қор құжаттары ОМҒТҚА мемлекеттік сақтауға қабылданды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қорларынан






Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 3-5 наурыз аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Е. Скрипко «Азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың басшылары» санаты бойынша оқуға қатысты.


04 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 4 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қоғам қайраткері әрі ұлт мәдениетінің жанашыры, Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі өткізген «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты.


03 наурыз 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) инженерлік инфрақұрылымы бөлігінде технологиялар, шешімдер, сараптама және үздік тәжірибе ұсынылған DCDE Central Asia форумының жұмысына қатысты.


02 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 2 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері Рабиға Сыздық, Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Әзілі жарасқан әз ғалымдар» атты тағылымдық-тәрбиелік кешіне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz