Новости:
31 қазан 2017 жыл
2017 жылдың 24 қазанында, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивы мен Фридрих Эберт атындағы қордың ұйымдастыруымен «Репрессия тарихы» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға ОМҒТҚА қызметкерлері қатысты. Конференцияға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан Ақмола облыстарынан және Алматы қаласының архив мекемелерінен қатысушылар шақырылған.
Конференция тақырыбына байланысты қатысушылар Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде отан үшін отқа түсіп, соңғы мүмкіндіктері қалғанша жаумен шайқасып, еріксізден тұтқынға түскен азаматтардың қиын тағдыры мен соңғы өмірі жайлы, Ресей және Қазақстан архивтерінен табылған құжаттар, сонымен бірге көзі тірі соғыс тұтқындарының әңгімелері негізінде баяндамалар мен мәлімдемелер жасады. Тұтқынға түсушілердің туысқандары естеліктермен бөлісті.
Конференция барысында «Ерлік жолымен» зерттеу орталығы қоғамдық қорының директоры Игсатова Дина құрастырған «Право на добрую память». Возвращенные имена казахстанцев второй мировой» атты жинақтың тұсау кесері өткізіліп, қатысушыларға сиға берілді.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz