Новости:
08 қараша 2017 жыл
ОМҒТҚА қызметкерлері Е.М. Грибанова, Ә.Қ. Еркенова, Н. Тұрсынбек 2017 ж. қарашаның 7-жұлдызында ҚР ПА ұйымдастыруымен өткізілген «1917 ж. Қазақстандағы кеңестік биліктің басталуы. Тарихи тұлғалар» атты Дөңгелек үстелге және тарихи-деректі көрменің тұсаукесеріне қатысты.
ҚР Президент архивінің қызметкерлері кеңес үкіметінің тарихи тұлғалары Сейтқали Меңдешев, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұловтың және басқалардың қайғылы тағдырын зерттеу дереккөзі болып табылатын бірегей архив құжаттары негізінде (қызметтік хат алмасулар, хаттамалар, баяндамалар, жеке істер және т.б.) қысқаша баяндамалар жасады.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның тарихшы-ғалымдары М.Қ. Қойгелдиев, З.Е. Қабылдинов, Т.О. Омарбеков, С.С. Хасан сөз сөйледі. Сонымен қатар, американдық зерттеуші, Гарвард университетінің Ph.D. докторанты Мария Блэквуд және видеоэфир арқылы тарих профессоры Михаил Акулов өз баяндамаларын жасады. Отырысты қортындылаған т.ғ.к. Е. Грибанова ОМҒТҚ архивінде құжаттық басылымдарды даярлау мемуарларын зерттеу барысында, кеңестік тарихшылар «ауызша тарихты» қалай тасымалдаушыға бекіткендігі туралы табылған естелік жазбасымен бөлісті.
Дөңгелек үстел аясында тарихи-құжаттық көрме және Архивтің сирек қорынан алынған газеттер мен кітаптардың түпнұсқалары қатысушылардың назарына ұсынылды. Бұл сирек басылымдардың көбісі ҚР Ұлттық архив қорының раритеті болып табылады.
Сонымен қатар іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ғылым мен мәдениет ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, Алматы қ. ЖОО студенттері және мұғалімдері қатысты.











Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz