Новости:
20 ақпан 2015 жыл
2015 ж. 20 ақпанында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20-жылдығына орай ҚР Елбасы Мұрағатының ұйымдастырған "Дөңгелек үстел" іс шарасына ОМҒ ТҚМ-ның директоры Г.С. Сәрсенова мен мұрағат өкілдері де қатысты. Іс шара ҚР Елбасы Мұрағатының қорында сақталған Ассамблеяның құрылу тарихы туралы, оның алғашқы қадамдары мен ҚР Бірінші Президенті – Ұлт Жетекшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің ин-ститутты құрудағы рөлі: Қазақстан халықтарының форумдары мен Ассамблея сессияларындағы сөйлеген сөздері, ақпараттар, анықтамалар, жазбалар, хаттары сияқты құжаттары "Менің елім – Қазақстан" атты көрме- таныстырылымымен ашылды. ҚР ЕМ жинақтау көздері болып табылатын Дүниежүзілік қазақтар Ассоциациясы, "Возрождение" Қазақстанның немістер Ассоциациясы, Қазақтық дұңған қоғамы мен т.б Мемлекеттік және Алматы қаласының ұлттық мәдени орталық жетекшілері қатысты. "Дөңгелек үстел" барысында, Қазақстан – ортақ үйіміздің тыныштығы мен бірлігін нығайту үшін күшті топтастыру, бұндай қиын жұмыста Елбасын қолдау, өткен кезеңдер туралы қызықты әңгімелер айтылды.
Айтулы күнге арнап, еңбегі сіңген сәулетші С.Г. Космеридидің жеке қорының негізінде, 2014 ж. баспадан шыққан "Сын Казахстана и Эллады" атты құжаттар мен мәліметтер жинағын, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты "Қазақстан гректерінің тарихы" атты тақырып төңірегінде келе жатқан наурыз айында грек мәдениетінің орталығындағы кездесуде өз таныстырылымын жоспарлауда. Сондай-ақ, С. Космериди қорынан жинаққа енген Алматы қаласының "Эос" Этномәдени орталыгы атқарған қызметінің құжаттары еңгізілген.




























Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz