Новости:
15 қантар 2018 жыл
2018 жылдың 15 қаңтарында ОМҒТҚА қызметкерлері «Адами капитал – жаңғыру негізі» 7 міндеттегі «Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет» мақсатын шешу шеңберінде архив құжаттары мен материалдары негізінде «Латын әліпбиіне өту - уақыт талабы» атты көрме дайындады.
Архивтің анықтамалық үстелінің келушілері, оқу залының зерттеушілері, анықтамалық-ақпараттық қордың пайдаланушылары, Әл-Фараби атындағы КазҰУ студенттері, архив қалашығының қызметкерлері XX ғасырдың 20 – 30-шы жылдарының бірегей құжаттарымен танысты: «Қызыл керуен» экспедициясының медициналық қызметкерлердің хаттамалары, есептері, анықтамалары, Қазақ мемлекеттік туберкулез институты, Қазақ өлкелік Ана мен бала қорғау ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің баяндамалары, бюллетеньдері, статистикалық есептері және т.б. құжаттар.
Газеттердегі жарияланған латын әліпбиін игеру сабақтары ерекше қызығушылық тудырды. Архив қызметкерлері келушілерді ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қойған латын әліпбиіне көшу мақсатының өзектілігіне ерекше назар аудартты.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz