Новости:
18 қантар 2018 жыл
2018 ж. 16 қаңтарда Орталық мемелекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 ж. 10 желтоқсанда Қазақстан халқына жолдаған кезекті жолдауы талқыланды. Жолдауда әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқаны туралы жоғары білікті архивист маман Л.А. Ануарханова жолдаудың 10 міндетін айтып, тақырыпқа байланысты слайд көрсетті. 10 міндеттің әрқайсысына жеке тоқталып, шағын тұжырымдамалар жасалды. Директордың орынбасары Б.А. Жұматаева жолдауда айтылған өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Архивтің бас сарапшысы В.Е. Печерских осы жолдаудың жетінші міндетіне тоқталып, қазіргі таңда ОМҒТҚА-де жасалып жатқан жинақтардың бірі С.Н. Нұғымановтың Қазақстан медицинасы онкология саласына қосқан үлкен үлесімен ұштастырып өтті. Сонымен қатар қатысушылар жолдауды талқылап, жан-жақты ой-пікірлерін ортаға салды. Соңында мекеме директоры м.а. Т.Н. Тойбаев ҚР Президентінің жолдауы әр бір Қазақстан халқы үшін маңызы зор екенін айтып қорытындылады. Жолдауды талқылауға Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығының 4 курс студенттері де қатысты.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz