Новости:
12 ақпан 2018 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері Л.А. Ануарханова, Г.Т. Абилкасимова және Д. Акимжанова 2018 жылдың 9 ақпан күні Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Гете-Институтымен бірлесіп жасаған «Экологиялық сана – табиғаттан үйренеміз» атты халықаралық интерактивті көрмесінің ашылу салтанатына қатысты
Көрмені Орталық музей Директорының бірінші орынбасары Б.С. Қақабаев ашты. Гете – Институтының өкілі Констанция Крюгерді. Сонымен қатар Қазақстан табиғатты қорғау орталығының өкілі Қ.Н. Жетпісбаев өз пікірін айтып өтті.
Көрмеде қазіргі уақыттағы экологиялық өзекті мәселелерді болдырмау, жер бетіндегі барлық қажетті құндылықтарды барынша сақтап қалуға, әр бір адам табиғат тазалығына аса мән беріп, келер ұрпақтарға да қажет екенін ескеріп, қорғауға тиісті екені атап айтылды. Адамның қызығушылығын ояту арқылы жер, ауа, су, от мәселелері ерекше назарда екенін көрсетті. Жердің табиғи ресурстарының ысырапсыз пайдаланылулары климаттың өзгеруіне әсер етіп отырғанын, ауаның ластануы, жер бетіндегі су көздерінің дұрыс пайдаланылмауы, ауыз судың тапшылығы, себепсіз өрттердің табиғатқа кері әсерлері туралы, ақпараттық материалдан басқа әркімнің қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырып, оны сақтауға қалай көмектесетінін үйрететін қызықты интерактивті білім беру бағдарламалары әзірленген. Көрме қазақ тілінде, орыс тілінде және неміс тілінде жүргізілді. Адамға ой салатын өзекті тақырыптар қозғалып, қоршаған ортаны сақтау бүкіл дүние жүзі халықтарына ортақ мәселе екенін айтып, дабыл қағып осындай көрме ұйымдастыру арқылы адамның ой-санасын оятады деген сенімдеміз.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz