Новости:
03 сәуір 2015 жыл
2015 ж. 3 сәуірінде ҚР Президенті Мұрағатында өткен фашистік концлагерден босап шыққандардың Халықаралық күніне арналған дөңгелек үстеліне ОМҒТҚМ мұрағатшысы Е.М. Грибановада қатысты. Бұл күнді әлем бойынша 11 сәуірде атап өтеді. 1990 ж. Қазақстанда фашизмнің бұрынғы тұтқындарының Қазақстандық ассоциациясы (ФБТҚА) және фашизмнің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарының Қазақстандық Одағы (ФБКТТҚО) құрылды.
Бұл дөңгелек үстел мәжілісінің мақсаты – ұжымды бұрынғы фашистік лагерьлердегі тұтқындармен-қазақстандықтармен таныстырып, тұтқындықта қаза тапқандарға құрмет көрсетіп, еске алу. ҚР ПМ-ның бастаған Ұлы Отан соғысы жылдары әскери әрекеттер кезінде із-түссіз, дерексіз жоғалған қазақстандықтардың тағдырын анықтау жұмысы барысында осы тақырып бойынша қызығушылық туындаған. Олардың біразы фашистік тұтқындықта қаза тапқан. Кездесуде ҚР ПМ басшылары, ұжым мүшелері, сонымен қатар, ФБТҚА төрағасы Артемьев Вячеслав Михайлович, мекеменің мүшелері, бұрынғы тұтқындар Денисюк Владимир Михайлович, Ботян Иван Михайлович, Соловьёва Мария Ефимовна, Журавлёв Николай Степанович, Корецкая Любовь Яковлевна және т.б. Мұрағаттың директоры, техника ғылымдарының докторы Джапаров Борис Аликенович мекеменің айтылған жобаның жүзеге асуы бойынша ұжымның жоспарын және жасалынған ұйымдастырушылық жұмыстарымен таныстырды. Ардагерлер өмір жолының кезеңдері туралы әнгімелеп, еске түсірулерінде тұтқында болған жағдайларға аса назар аударды. Баяндамашылардың көбісі Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары көшіп келгендер болды, олар өмірлерін осы жерде, осы елде өткізгендеріне ризашылығын білдірді.
Мәжілістің соңына қарай сөз сөйлеген Грибанова Елена Михайловна естелік жинақтау жұмысының маңызы және Ұлы Отан соғысы жылдардағы кейбір болмыстар туралы айтып өтті. Ол кезде өлімнен де тұтқындық қорқынышты еді. (қатысушылар «соғыс балалары» мен азаматтық тұтқындар (соғыс тұтқындарымен шатастырмаңыздар!). Бағдарлық құжаттарға сәйкес «әскери әрекеттер туындамай, тұтқынға түскендігі» үшін, ату жазасы кесілген. Тұтқындардың отбасы мүшелері қамауға алынған болатын, бірақ, бақытқа орай, бұл құжаттың қызмет мерзімі қысқа болды. Тұтқыннан босатылған офицерлерді штрафной батальондарына жіберіп, жай солдаттардың құрамына өткізіп, ұзақ тексеретін, олардың біразы кейін советтік лагерьлеріне түсті.
Жау тұтқынына түскен, советтік әскерлерінің басым бөлігі қаза тапты. Себебі, оларға дискриминация саясаты ашық түрде жүргізілген болатын. Қаза тапқандардың бірі қазақстандық бозбала, Қостанай обл. Пресногорск ауд., Пресноредуть ауылының тумасы – Сергей Воропаев. 1940 ж. желтоқсанында ол әскер қатарына шақырылған. Минск қаласын қорғап, 1942 ж. сәуірінде тұтқындыққа түседі. Оппельн қаласының шетіндегі «Ламсдорф» лагері, әскери тұтқындарға арналып, екі бөліктен құралған: қызыл әскершілерге және басқа мемлекет тұтқындарына. Сергей тұтқындықта күнделік жазды. Совет азаматтарының өмірі мен екінші бөлімшеде жатқан тұтқындардың өмірін салыстырғанда, арасындағы контраст лагерь әкімшілігінің совет әскерлерін жоюға деген мақсатын көрсетеді.
Каторга еңбегі, күнделікті аштық, суық Сергейді қан түкірген өкпе туберкулезіне шалдықтырды. 1945 ж. 23 наурызында, лагерьден босап шығуына санаулы күндер қалған кезде, Сергей көз жұмды. Жазбасының бірінде: «Бейбітшілік заманда қайдағы жоқ нәрселер үшін өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жиі кездеседі. Мұнда, керісінше, олардың бірде-бірі емес... ». Сергей өзі үшін ой қорытады: ағзаның барлық күші, физикалық, психикалық тек өмір сүру үшін күреседі деп. [«Өмір... жер бетіндегі тозақ...» (С. Воропаев, советтік әскері тұтқыншының күнделігінен). // Простор – 2005. – Мамыр. – С. 135–149. Күнделік Қостанай обл. Мемлекеттік мұражайында сақталған. Оның көшірмесі ҚР ПМ сақталған].
Сонымен қатар, Грибанова Е.М. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының құрастырған «Сын Казахстана и Эллады: Спиридон Георгиевич Космериди» атты құжаттар мен мәліметтер жинағының бөліміндегі «1942, 1944, 1949 жж. саясаттың жетегінде кетіп, Қазақстанға жер аударылып келген грек өмірін баяндадады, олар жер аударылғанға дейін басып алынған аймақта тұрып, біраз бөлігі партизандық қозғалыс қатарында болғандығы» сияқты естеліктерді айтып өтті. Олардың арасында славянның және жебірейдің жағдайын аулақтамады, Германияға айдалып, немістердің құлы болды.
Мәжіліс соңында қатысушылар естелік ретінде фотосуретке түсті.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz