Новости:
28 ақпан 2018 жыл
2018 жылы 28 ақпанда Орталық Мемелекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 ж. 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын 7 міндеттегі «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» мақсатын шешу шеңберінде сәулетші, ғалым, қоғам қайраткері, ОМҒТҚА қор құрушысы С.Г. Космеридимен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге ОМҒТҚА қызметкерлерімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің төртінші курс студенттері де қатысты. Архивке өндірістік тәжірибеден өтуге келген студенттердің дипломдық жұмысына да қажетті ақпарат жинауға мәлімет алуға болатын бұл кездесу барлығы үшін өте қызықты болды. Тоқсан жастың есігіне тақап қалған Спиридон Георгиевичтің өмірлік тәжірибесі туралы айтқан әңгімелері жастарға үлгі боларлық мағлұмат екенін айта кеткен жөн. Кездесу барысында қатысушылар өз ой толғамдарын сұрақ қойумен жалғастырып, қызықты жауаптар алды. Қазіргі таңда Қазақ бас сәулет - құрылыс академиясының ұстазы. Қор құрушыға денсаулық тілеп, тоқсан жасын атап өтуге ниет білдірдік.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz