Новости:
01 наурыз 2018 жыл
2018 жылдың 1 наурызында Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Ж.Ә.Қаламбаева, осы бөлімнің жоғарғы деңгейдегі білікті маман архивисті А.А.Тұрсыналиева «әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдарды қабылдау және тіркеу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.
Оқуға ОМҒТҚА қызметкерлері мен архивте өндірістік практикадан өтіп жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің 4 курс «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша студенттері қатысты. Оқыту барысында құжаттар: өтініштер, бланкілер, хаттар, дайын анықтамалар, журнал және т. б. слайд көрсетуімен жалғасты.
Мемлекеттік архивтердің мемлекеттік қызмет көрсету– әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындау бойынша өзекті мәселелері талқыланып, көптеген сұрақтар қойылды. Оқу соңында аталған тақырып бойынша тыңдармандардың қызығушылығын ояту мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, ең белсенді қатысушылар сыйлықтарға ие болды.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz