Новости:
13 наурыз 2018 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Анықтамалық-ақпараттық қоры «Құжат айналымы мәселелері» журналының 2018 жылғы № 2 санындағы Е. Грибанованың «ҒТҚ ОММ жеке тектік құжаттары: қорлар бар, бірақ жеке тұлғаны зерделеу және түсіну үшін негіз жоқ ...» атты мақаласымен толықтырылды (мақала ОМҒТҚА сайтында орналасқан). Мақалада автор ОМҒТҚА жеке қорларын талқылау негізінде оқырмандардың назарын архивтерді жеке тектік құжаттарымен толықтырудың өзекті мәселелеріне аударды: жеке тектік қорлар бойынша жинақтау көздерінің тізімін жасау, құжаттардың құрамы, құндылығын сараптау және ғылыми-анықтамалық аппараты, мемлекеттік архивтерде жеке тұлғалардың құжаттарымен жұмысты ұйымдастыруы.
Сонымен қатар, осы журналда Г. Казакованың «Самара қаласындағы Ресей мемлекеттік архивінің жеке тектік құжаттармен жұмысының тәжірибесінен» атты мақаласы да жарияланды. Автор бұл мақалада іс-тәжірибесімен бөлісіп және оқырмандарды Самара қ. РМА жеке тектік құжаттарының құрамы мен сипаттамасы, ерекшеліктерімен таныстырып өтті.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz