Новости:
14 сәуір 2015 жыл
14 сәуір 2015 ж. ОМҒТҚМ мұрағатшылары Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының 75 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты ұйымдастырған «Қазақстан геологиясы: алғашқы экпедициялардан кең көлемді ізденістерге дейін» атты деректі көрмесі мен Дөңгелек үстеліне қатысты.
Көрмені ҚР Президенті Мұрағатының директоры Б.Ә. Жапаров ашты. Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры М.Ш. Өмірсеріков ҚР Президентінің Мұрағатына алғысы ретінде 3-томдық Қазақстан Атласы кітабын сыйға тартты.
Деректі көрмені ҚР Президентінің Мұрағаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты мен ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері бірлесіп әзірледі. Көрмеде ҚР Президентінің, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда жатқан құжаттар көрсетілді, сонымен қатар қосымша Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтынан алынған түсті және сирек металдардың, минералдың үлгілері қойылды. Көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, қызықты мәліметтер мен ақпараттар айтылды.
Дөңгелек үстел мәжілісі ҚР Президенті Мұрағатының директоры Б.Ә. Жапаровтың кіріспе сөзімен басталды. Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған Қ.И. Сәтбаев туралы деректі фильм көрсетілді. Фильм көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Мәжіліске көптеген белгілі тұлғалар қатысты. Сөз сөйлегендер: Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры М.Ш. Өмірсеріков «Қазақстан геология саласының өзекті мәселелері мен даму ерекшеліктері» , геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор Э.Ж. Сейітмұратова «Вклад первого поколения ученых ИГН им. К.И. Сатпаева в формировании минерального-сырьевой базы Казахстана», геология-минерология ғылымдарының докторы А.В. Третьяков «К.И. Сатпаев – геолог и патриот» атты баяндамаларын оқыды және т.б.. Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтің қызметі, жасаған ерен еңбектері туралы, өміріне қатысты естеліктерді Қ.И. Сәтпаев атындағы мұрағаттың жетекшісі Н.В. Ниретина, химия ғылымдарының докторы, профессор Е.О. Батырбеков, геология-минерология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА Академигі, профессор Ғ.Қ.Ерғалиев айтты. Сонымен қатар, қатысушылар қазіргі кездегі геология саласындағы мәселелерді, геологияны дамыту мақсатында қаражат проблемасын атап өтті.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz