Новости:
13 сәуір 2018 жыл
2018 жылдың 12 сәуірінде ОМҒТҚА қызметкерлері Л. Ануарханова мен Б.Толбаева саяхатшы Нұртаев Таймас Қуанышұлының «Жер шары: қандай ғажап бұл әлем!» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты.
Фотосурет өнері Таймас Нұртаевтың өмірінде ерекше орын алады. ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде өтетін аталмыш көрме алматылықтарды әлемнің әсемділігін паш ететін әдемі де әсерлі фотосуреттерімен таныстырмақ.
Таймас Нұртаевтың мамандығы құрылысшы. Бірақ, фотоөнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілгі оның екінші мамандығына айналған. Автор 2006 жылы алғаш рет Хан-Тәңірі тау шатқалына барғанында, Қазақстанның әсем табиғатына тәнті болып, сол кезден-ақ фотосурет өнеріне деген алғашқы қадамдарын бастап кеткен. Таймас Нұртаевтың тек Қазақстан бойынша ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетел саяхаттары оның тың туындыларының пайда болуына шабыт берді. Таймас Нұртаев әлемнің көптеген елдерінде болған: Италия, Норвегия, Ресей, Біріккен Араб Әмірлігі, Непал, Аргентина, Бразилия, Чили, Кения және т.б.
Көрменің ерекше бөлігін еліміздің көрікті жерлерінен жиналған «Қазақстан табиғатының маржандары» атты фотожұмыстары құрайды. Онда автор, туған өлкесі мен Іле Алатауының әсем жерлерін, Алматы мен Алматы облысы аумағын, Көлсай, Хан-Тәңірі, Шарын көлі мен Шарын шатқалы, «Алтынемел» Ұлттық қорығы, «Баянауыл» Ұлттық саябағы, Жасыбай, Марқакөл, Бурабай, Зайсан, Қара-Су, Қара-Көл, Қайыңды, Ұлкен Алматы өзені, Бұқтырма суқоймасы, Каспий теңізі, Киин-Керіш таулары, Ақ-Тау, Шакелмес, Айғайқұм, Маңғышлақ, Үстірт шатқалы, Шақпақ пай Сай шатқалы, Үшқоңыр жайлауы, Ақкергешін, Ақтолағай қырқасы және т.б. түсірген фотожұмыстарын ұсынады.
Көрмеге 150-ден аса фотосуреттер ұсынылған.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz