Новости:
28 сәуір 2018 жыл
2018 жылдың 26 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде Польша Республикасының Бас Консулдығының ұйымдастыруымен болып жатқан Польша күндері аясында, Польша егемендігінің жүз жылдық мерейтойына орай «Андерс әскері – Үміт Жолы» атты көрмесінің салтанатты ашылуына ОМҒТҚА қызметкерлері Г. Абилкасимова және А. Еркенова қатысты.
Көрмеге Андерс әскерінің құрылуынан бастап, Риббентроп-Молотов пактіне қол қойылғаннан кейінгі кезең мен 1939 ж. қыркүйек айында басталған Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО шекарасында қалып қойған поляктардың тағдыр жолын баяндайтын құнды жәдігерлер қойылған. Андерс әскерінің арқасында поляктар Польша тәуелсіздігі үшін соғысу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Экспозицияны Алматыдағы Польша Бас консулдығы, Польша институтының және Лондондағы генерал Сикорски атындағы музейінің архиві, Маршал Юзеф Пилсудский атындағы Орталық әскери кітапхана, Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Польша армиясының музейі, Поляк Армиясының музейі, Ұлттық цифрлық архив және КАРТА орталығы ұсынған 1936 жылдан 1944 жылға дейінгі кезеңдегі фотосуреттер мен нақты материалдарды қамтыды.
Көрмеде «Депортацияланғандар» экспозициясымен толықтырылған. Поляктар Кеңес үкіметі тарапынан Қазақстанға депортацияланған халықтардың алғашқысы болған. Ел есінде қалған жаппай депортациялау кезіндегі Қазақстандағы поляктардың фотосуреттері мен әртүрлі тұрмыстық құралдары қойылған.
Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінің зерттеу жөніндегі директор орынбасары Галия Теміртон, Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Родослав Грук, Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиэвич, Гданск қаласындағы (Польша) Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің директоры Кароль Навроцки, Қазақстан Республикасы Бітімгершілік миссияларының ардагерлер одағы басқармасының төрағасы, Ирактағы инженерлік-сарбаз командирінің орынбасары, екінші ротация, «Айбын» орденінің кавалері, полковник Марат Қанатов сөз сөйледі. Қатысушылар поляк әскерлерімен бірлескен қызмет туралы естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ екі ел үшін мәдени ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара дәстүрлі өлеңдер мен әндерді ғана емес, сонымен қатар Польшаның ұлттық костюмдерін көрсеткен Польшалық «Эдилка» ансамблінің (көркемдік жетекші - Хенрык Бжезицки) орындауымен өтті.








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz